Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Театр. "Екі әлем тұрағы" - шытырман оқиғалы қойылым

Театр. "Екі әлем тұрағы" - шытырман оқиғалы қойылым

Театр.

М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының репертуары әлемге танымал драматург Эрик-Эммануэль Шмиттің «Екі әлем тұрағы» атты пьесасымен толықты.


«Екі әлем тұрағы» лирикалық драмасы құпияға толы шытырман оқиға. Пьеса кейіпкерлері күтпеген жағдайда сырға толы қонақүйге түседі. Олардың барлығы өлім мен өмір арасында жатыр. Кез келген уақытта олар о дүниеге аттанып кетуі мүмкін. Оқиға желісі бойынша кейіпкерлердің кейбірі қиын кезеңдерге төтеп беріп, өлімді жеңеді. Ал кейбірі өмірмен қоштасады.


"Спорт" газетінің бас редакторы Жюльен Порталь көлікке мас күйінде отырып, жол апатына ұшырайды. Ал жас қыз Лора жүрек аурына шалдығып, ол ауыр халде жатады. Өлім мен өмір арасында жатқан бұл кейіпкерлер жаңа махаббаттың  тууына себепкер болады. Ал құпияға толы қонақүй тұрғындарын «С» дәрігер қарайды. Тұрғындарды екі әлемнің біріне аттандыру осы дәрігердің құзырындағы дүние.


Әлемнің бірқатар театр сахналарында көрсетілген танымал пьесамен қазақстандық өнерсүйер қауымды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Игорь Гонопольский қауыштырды. Ал пьесаны француз тілінен орыс тіліне Елена Наумова аударды. Қойылымдағы басты рөлдерді Антон Митнёв, Наталья Долматова, Татьяна Банченко, Виталий Гришко, Сергей Уфимцев, Лариса Паукова т.с.с. танымал театр және кино актерлері сомдады.

Бұл қойылым көрермен қауымды өмірді бағалауға шақырады. Күнделікті іс-әрекеттерге талдау жасауға ой тастайды. Әр көрермен өмір мен өлім арасындағы құпияны ашуға тырысады.

М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жаңа қойылымын наурыз айының 16- және 29-жұлдызында көре аласыздар. Басталуы сағат 19-00.

Суреттер: tl.kz

1731 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 16 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...