Қазақстанда қанша Абай Құнанбаев бар?

Қазақстанда қанша Абай Құнанбаев бар?
Фото: massaget.kz

Қазақтың Бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 10 тамызда 174 жыл толады. Шығармашылығымен ұлтының мақтанышына, әлем халқының ықыласына ие болған дана Абайдың құрметіне талай азамат баласына Абай деген ат берді. Нақты саны қанша? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Ұсыныс бойынша Ұлттық Экономика министрліне қарасты Статистика комитеті ұсынған деректерге назар салайық.

1991 жылдың 1 қаңтары мен 2019 жылдың 1 шілдесі аралығында Қазақстанда 8 "Абай Құнанбаев" тіркелген. Ал "Абай Кунанбаев" болып жазылғандар саны – 22. Сонымен қатар, "Абай" есімді азаматтар Қазақстанда – 8074.

А. Қажиев