Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Қазақ жұрты қазақ әдебиетінің қара нары – Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға аттандырды

Қазақ жұрты қазақ әдебиетінің қара нары – Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға аттандырды

Қазақ жұрты қазақ әдебиетінің қара нары – Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға аттандырды

Алматыда қазанның 11-і күні Әуезов атындағы академиялық драма театрында халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті. Қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, депутаттар, әкім және министірлер қатысты.

Жиында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын оқып берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың қабырғасын қайыстырған ауыр қазаға байланысты қаламгердің отбасы мен жақындары көңіл айтты. Президент жолдаған жеделхатта "Шерхан Мұртазаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды деп сенемін" деп жазылған.

Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек: "Қазақ топырағы қашан да ұлы азаматтарға кенде болмаған. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза да осындай тау тұлғаларымызлдың бірі еді. Жазушылықта да, журналистік салада да мемлекеттің, ұлттың қамын ойлайтын азамат екенін көрсете білді. Редакторлардың редакторы атанып, ол басқарған басылымдардың таралымы артып, оқырман ризашылығына бөленді", – дей келе жазушы Шерхан Мұртазаның салиқалы өмірі мен жемісті еңбек жолына тоқталып өтті.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов: "Құрметті қауым, ардақты ағайын, Шерағаның бауырлары, туған-туыстары суық хабар Жамбыл облысы үшін де оңай болмады. Ағамыздың жазушылығы, журналистігі – бір төбе екендігі бәрімізге белгілі. Оған қоса Шерағаның қоғамдық жұмыстары да – бір төбе. Сонымен қоса Шераға әр жамбылдықтың туысындай, жақынындай болған адам. Сондықтан, міне, біз туысымызды шығарып салуға келіп отырмыз. Шерағамыз өңіріміздің гүлденуіне, мәдени-саяси өміріне барынша ат салысты. Халықтың тұрымыс, мәдениеті үшін аянбай еңбек етті. Халықтың айнасы болғаны үшін, шындықты шегедей қағып айта алғаны үшін Әулие ата өңірі атынан алғысымызды білдіреміз. Елімізге де отбасына да қазаның арты қайырлы болсын", – деді.

Осыдан соң мемлекет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, жазушылар, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов сөз сөйлеп Шерхан Мұртазаның еңбек жолы мен, жазушылығына халыққа сіңірген игі істеріне тоқталып өтіп, қазақ еліне, Шерхан Мұртазаның отбасына, туған-туысына көңіл айтты. 


Сөз соңын Жазушылар Одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет: "Шерағамыз бір шығармасында бұл дүние біздің уақытша мейманханамыз деген еді. Ал енді Шерағамыздың өзі мәңгілік мекеніне аттанып бара жатыр. Балаларына туған-туыстарына, бүкіл қазақ халқына қайғырып көңіл айтамыз. Бақұл бол аға, қош болыңыз! Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық болсын! Нұрыңыз пейіште шалқысын!" – деп түйіндеді. 


"Қызыл жебе", "Ай мен Айша", "Қара маржан", "Жүрекке әжім түспейді", "Не жетпейді?" романдары мен бірнеше әңгіме, повестердің авторы, қазақ әдебиетінің қара нары, сөз зергері – Шерхан Мұртаза Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленеді.

0
Рейтинг: +4

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 11 қазан, 12:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.