Атақты режиссер Милош Форман өмірден өтті

Атақты режиссер Милош Форман өмірден өтті
Фото: vk.com

Атақты режиссер Милош Форман 87 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

"Ол отбасы мен достарының ортасында соңғы сапарына аттанды", – деп хабарлады режиссердің жұбайы.

Милош Форман – тегі чехиялық болса да, атағы алты құрлыққа мәлім өнер адамы. Оның "Көкек ұясының үстінен ұшып бара жатқанда" атты романға жасаған экранизациясы кино және әдебиет сүйер қауымға жақсы таныс.

Форман – "Оскар" марапатының екі мәрте лауреаты. Ал, "Алтын глобусты" 3 рет қанжығасына байлаған аса талантты режиссер. Ол 1971 жылы Каннского кинофестивалінде "Ұшу" аталатын алғашқы америкалық фильмі үшін Гран-при жеңіп алған болатын.

А. Оралқызы