Бүгін ән әлемінің патшасы өмірге келген күн

Бүгін ән әлемінің патшасы өмірге келген күн

Бүгін әр қазақ жүрегінің кең төрінен орын алған Қазақстанның халық әртісі, аса көрнекті сазгер, ән әлемінің патшасы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Халқымыздың ән өнерінде өшпес ізін қалдырып кеткен әйгілі сазгердің өмір жолы қай қазақты да қызықтыратыны анық. Ол Батыс өнеріндегі вальсті қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген дарынды сазгер. Сондықтан да оны қазақ халқы аса құрметтеп, «қазақ вальсінің королі» деп атап кеткен. Біз бүгін әйгілі сазгер туралы деректер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

1. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар.

2. Елбасының бірінші Жарлығымен оған «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы (1991 ж) берілсе, екінші Жарлығымен композитордың «Менің Қазақстаным» шығармасы Әнұранға (2006 ж) айналды, ал үшінші Жарлығымен Шәмші Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2010 ж) атанды.

3. Сазгердің туған ауылы – бұрынғы «Темір» кеңшары қазір «Шәмші ауылы» деп аталады.

4. Тұңғыш әні – «Ақ Келес». Оны Келес өзенінің бойындағы Қапланбек зоотехникалық-малдәрігерлік техникумында (ОҚО, Сарыағаш ауданы) оқып жүргенде шығарған. 

5. 2017 жылы өмірі мен шығармашылығына негізделген «Ән-аға» телехикаясы түсірілді. Шәмшінің рөлін Астанадағы «Жастар» театрының актері Дәурен Серғазин ойнады. 

6. Шәмші Жамбыл облысының дүнгендер ауылында 17-18 жылдай тұрады. «Дүнген қызы» әні сол жерде кездестіріп, ұнатқан қызға арналған. 

7. Ол өмірге келгенде оны Жәмшид деп атаған.

8. 1991 жылы Т.Ахметовтің режисерлік етуімен Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілсе,  2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрген.

9. Бүгінде әнұранымызға айналған «Менің Қазақстаным» әні Ақмоланы Целиноград деп атап, бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болған кезде туған. 

10. Сазгер өлең сөзге қара жаяу болмаған. Өзінің тұстастарына, жора-жолдастарына жазған бір-екі ауыз өлең шумақтарын, кейбір ән мәтіндерін («Құшақ жайған қандай адам») өзі жазғаны дәлел бола алады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абай философиясы
Абай философиясы
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
Абай шығармашылығын зерттеушілер
Абай шығармашылығын зерттеушілер
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой
"Абай – рухани реформатор" атты президент мақаласындағы 5 маңызды ой