Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті

Алматыдағы Республика Сарайының алдында Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. Шара әншінің 53 жасқа толуына орай ұйымдастырылды.

Кешкі сағат 20.00-де басталған концертке 3 мыңнан астам адам жиналды. Кешті әншінің досы Сағынай Абдуллин жүргізді. Шара барысында Шүкеновтың "Один в один" шоуындағы жарқын сәттері, сұхбаттары мен оның достарының әнші туралы айтқан пікірлері көрсетілді. Кейін сахнаға Chick Flick тобы шығып, әншінің репертуарындағы танымал әндерді орындады. 

Батырхан Шүкеновті еске алу кешіне Мәскеуден оның достары мен әріптестері келді. "МУЗ-ТВ" арнасының бас директоры Арман Дәулетияров Батырхан Шүкенов туралы естеліктер айтты. 

Шара соңында  "Батыр: Live" фильм-концерті көрсетілді.

Айта кетейік, Батырхан Шүкенов биыл 29 сәуірде 53 жасқа қараған шағында өмірден озды.