Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Фариза Оңғарсынова дүниеден озды

Фариза Оңғарсынова дүниеден озды

Фариза Оңғарсынова дүниеден озды

Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты ұлы Фариза Оңғарсынова қайтыс болды. 

Фариза Оңғарсынованың өмірбаянына көз жүгіртсек, ол 1939 жылы Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркін дала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 

1966-1968 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер, 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.

1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 жылдан «Пионер» журналының бас редакторы болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрді. 

Содан бері қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып келген ақын, Қазақ Елінің маңдайына біткен жұлдыз бүгін сөнді...

Мұқағали мұңын шаққан ұлы тұлғаның қазасы әр қазақтың жанына батары сөзсіз.

Massaget.kz барша қазақ жұртына қайғырып, көңіл айтады. 

Сурет: kultobe.kz

44
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 24 қаңтар 2014, 16:40
Пікірлер
+0
23 қаңтар 2014, 21:33

Иманды болсын, төбемнен жай түскендей болды ((( Фариза апамыздың жырымен өстік қой...

+0
23 қаңтар 2014, 21:36

Иманы саламат болсын!Қаза қайырлы болсын!(((

+0
23 қаңтар 2014, 21:41

Қайырлы болсын! :(

+0
23 қаңтар 2014, 21:46

Артының қайырын берсін :shock: Мына сөзді оқып "Мүмкін емес" нәрсе орын алғандай болып отырмын.

+0
23 қаңтар 2014, 21:48

Иманды болсын

+0
23 қаңтар 2014, 21:55

Иманы серік болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

+0
23 қаңтар 2014, 21:55

сене алмай отырмын,иманды болсын!!! :shock:

+0
23 қаңтар 2014, 22:19

Ауыр каза арине!!! Казак мандайындагы тагы бир жулдыз сонди!!! Алла иманын берсин, топырагы женил болгай!!! Сонында калган, колына калам устаган ул кыздарына Алла апамыздын жасын бергей!!!

+0
23 қаңтар 2014, 22:20

Көзге қайта-қайта жас келеді екен. Әлі тың еді-ау.

+0
23 қаңтар 2014, 22:21

Иманды болсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жақындарына сабырлық бергей!

+0
23 қаңтар 2014, 22:41

Иманы салауат болсын! ((((((((((((

+0
23 қаңтар 2014, 22:51

Жаны жанатта болғай. Мұқағали алдынан шығар

+0
23 қаңтар 2014, 22:58

Ехх... қазақтың маңдайына біткен тағы бір шынар тамырынан үзілді... Аллаһ Тағала баршаңызға сабыр берсін!

+0
23 қаңтар 2014, 22:59

Топырағы торқа, жаны жаннатта болсын!

+0
23 қаңтар 2014, 23:14

Неге екенін ұлы адамдар ешқашан қайтпайтындай көрінуші еді маған... Осындай жағдайларда өмірдің расында бес күндік жалған екенін мойындай түсесің. Аллах Фариза апайдың жанын жаннаттықтардан еткей! Иманын жолдасы етіп, жатқан жерін жайлы еткей, ин ша Алла! (((((((

+0
23 қаңтар 2014, 23:47

Фариза Оңғарсынова дүниеден озды<
Окиништи-ак...
Иманды болсын!
Тагы бир жулдыз торинен кетти аспаннын,
Омир олим деген осы гой кас кагым.
Фариза апа акын Мукагалидын сырласы
Ози олсе де
Манги олмес жазып кетти бул омирдин дастанын.

+0
23 қаңтар 2014, 23:52

Фариза ақынның өлмес өмірі басталған екен.... Жұлдызы сөнді депті. жогарыда. Керісінше шыгар. ол ел жадында, ел журегінде, қазақ поэзиясы аспанында жарқырай түсті. Сөнді дей көрмеңіздер, ағайын! иманы саламат болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 00:57

Иманды болсын! Өлеңдерінде қара қылды қақ жарып, шындықты жырлап еді...

+0
24 қаңтар 2014, 02:08

өкінішті, бірақ ерте ме кеш пе барлығымыз басқа бір кезекті сатыдағы дүниеде кездесеміз, егер ондай болса әрине немесе Жер бетінде жай ғана рух болып қаламыз..

+0
24 қаңтар 2014, 09:39

Артының қайырын берсiн. Жүрегiм ауырып кеттi,тым қатты..Өлеңдерi керемет едi. Жаны тазалығы сол өлеңдерiнен көрiнедi. Жерлес ретiнде де қатты құрметтеймiн,.

+0
24 қаңтар 2014, 10:26

Ұрпақтар сабақтастығы осылайша бір-бірден үзіліп, келместің сапарына аттанып жатыр. Кейде енді қалған қазақ қалай өмір сүреді деп жүрегім дір ете қалады. Бірақ, бұрылып қарасаң баяғы қамсыз күйіндегі қазақ. Поэзия падишайымының қазасы да осындай күйге жетелейді.

+0
24 қаңтар 2014, 10:50

Иманды болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 11:03

қазақ әдебиетінің бір дәуірі аяқталды. Қабірің жарық болсын, асыл апа!

+0
24 қаңтар 2014, 11:08

Сене алар емеспін. Жаны жанатта болсын.

+0
24 қаңтар 2014, 11:13

Бекмурат Анарбаевтың мына бір шумағы кеше фейсбукте жарияланған. Ақынның арты қайырлы болсын!

Откинши омир дейтин осы болар,
Ал,апа, сырласыннын касына бар...
Жумакта журген улы Мукагали,
Бир кушак гулин алып тосып алар!..

+0
24 қаңтар 2014, 11:24

Иманды болсын! ҚАЗАҚ қызының үлгісі осы кісі еді,Құдай алдынан жарылқасын!!!

+0
24 қаңтар 2014, 11:33

Арты қайырлы болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 11:45

Жаны жәннатта болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 11:50

Қазақ ақыны, халық жазушысы, сондай-ақ керемет аудармашы да еді ғой... Сену қандай қиын... Иманды болсын! Бақұл бол, Қазақтың Фаризасы!

+0
24 қаңтар 2014, 12:35

Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...(((((

+0
24 қаңтар 2014, 12:48

Қайырлы болсын!((

+0
24 қаңтар 2014, 12:54

Күнде жанымда жүрген жақын адамнан айырылғандаймын! Көзіме жас келді. Ұлы апамыздың иманы жолдас болсын қазақ жұрты! Ұлтқа ортақ орны толмас қайғы болды! Барлығыңызбен толық келісемін, Фариза апамыздың биіктігіне көз жетпейді!
Жолын жалғастырар қазақтың қара көздері көбейсін дегім келеді! Алла барлығыңызға сабыр берсін!

+0
24 қаңтар 2014, 13:07

Керемет ақын апамыз еді! Өлеңдерін ұнататынмын! Жаны жәнатта болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 14:40

қайырлы болсын

+0
24 қаңтар 2014, 14:50

қайырлы болсын, жаны жәннәтта болсын

+0
24 қаңтар 2014, 14:54

Сену қиын екен... Иманды болсын!

+0
24 қаңтар 2014, 19:05

Қазақтың Фаризасы - дара туған,
Ақын ең дала үнін сөзге салған,
Халқыңның мұң-мұқтажын тиек қылған
Жырларың, өлеңдерің - мұра қалған!...

+0
24 қаңтар 2014, 19:17

Қазақтың Фаризасы- дара туған,
Ақын-ең дала үнін сөзге салған,
Халқыңның мұң-мұқтажын тиек қылып
Жазған жыр-өлеңдерің мұра қалған...

+0
25 қаңтар 2014, 00:59

Сөйтіп, Фариза да өтті өмірден...

+0
25 қаңтар 2014, 17:48

ФАРИЗАСЫ ҚАЗАҚТЫҢ.
Жыр қанжары найзағайды боратып,
Тайсалмастан әділетсіздерге оқ атып.
Масыл болып айықпаған дертінен,
Қалғығандарды селк еткізіп оятып.
Көртышқандай бар маңайын жалмаған,
Құныққандарды жұлып тартып жағадан.
Намыс туын асқақтатқан қайсар қыз,
Қайда кеттің інілерге жүк артып?!
Шәһерлік боп жүрген жандай жырақта,
Оның жыры көмейде емес парақта.
Жауға шапқан бабалардай дауыстап,
Үн тастайды келер толқын ұрпаққа.
Өн бойында ер жүректік өжеттік,
Қызықпаған мінбелерге атаққа.
Шындық үшін жамандықпен алысып,
Айналдыңба мәңгі алау шыраққа!
Қасиет бар, құдірет бар тегінде,
Тек ақиқат Тәңір оған өмірде.
Табиғатпен жастық шақты ән қылып,
Қыран болып жыр жазады көгімде.
Күй төгеді ақтарылып теңіздей,
Шаттық сыйлап кең пейілмен төріңде.
Таңданасың жұдырықтай жүрегі,
Айналғандай жыр әлемнің өзіне.
Қош бол апа жараланып қайғыдан,
Бұршақтаған жас қалды ғой көзімде!

+0
26 қаңтар 2014, 21:44

Арты қайырлы болсын!Тағы да бір қадірлі ақынымыздан айырылдық :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.