Атақты қазақ баритоны өмірден өтті

Атақты қазақ баритоны өмірден өтті

Бүгін 87 жасқа келген шағында қазақтың атақты баритоны Ермек Серкебаев өмірден өтті.

Опера әншісінің туыстары хабарлағандай:  «Ол бүгін, таңертеңгі сағат 9.30-да өз үйінде ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмды».

Ермек Серкебаев 1926 жылдың 4 шілдесінде Петропавлда дүниеге келген. 1941 жылы Алматыдағы музыкалық училищесінің скрипка сыныбын тәмәмдады. 1951 жылы консерваторияның ән сыныбын бітіріп шықты. Ал 1947 жылдан бастап Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында қызмет етті. Кейін консерваторияның профессоры атанды.

Ол өзінің қызмет еткен өнер жолында «Біржан мен Сараны», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің қойған «Абайды», Онегин мен Елецкийді (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында») және тағы да басқа көптеген партияларды орындады.

Ермек Серкебаев операдан бөлек, қазақ фильмінің тарихына алтын қазына болып кірген бірнеше фильмге де түсті («Біздің сүйікті дәрігер», (1957 ж, реж. Шәкен Айманов, «Қазақфильм»), «Тақиялы періште», (1968 ж, реж. Шәкен Айманов, «Қазақфильм»).

Марқұмның көзі тірісінде алған атақтары да жетерлік: Қазақ КСР халық әртісі; КСРО халық әртісі (1959 жыл); Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының иегері (1972 жыл); КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері және тағы да басқалары. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: np.kz


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді