"Димекеңнің сүйікті әндері" шақырады!

"Димекеңнің сүйікті әндері" шақырады!

2013 жылдың 24 сәуірінде Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында күллі қазақ «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп, төбесіне көтерген Дінмұхамед Қонаевқа арналған "Димекеңнің сүйікті әндері" атты қайырымдылық концерті өтеді. Концертте Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі (дирижері – Дінзухра Тілендиева), "Гүлдер" ансамблі, "Дара", "Қос алқа" топтары өнер көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Н. Нүсіпжанов, Е. Хасанғалиев, Бибігүл Төлегенова, Лаки Кисоглу, Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Нұрлан Абдуллин, Нүркен Әшіров, Ерлан Рысқали т.б. өнер майталмандары кеш ажарын ашпақ. 

Концертте кезінде Дінмұхамед Қонаев сүйіп тыңдаған кеңестік, қазақстандық сазгерлердің әндері шырқалатын болады. 

Д.А.Қонаевтің суреттері фойеге қойылып, «От Сталина до Горбачева», «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітаптары сатылымға түспек.  С.Әбдіраимұлы мен С.Горяйновтің Қонаев туралы «Личность» атты еңбегін де осы кезде сатып алуға болады. 

Концерттің басталуы: 18:00

Анықтама телефоны: 8 (727) 272-11-02, 261-42-69, 272-48-63

Қазақтың маңдайына біткен асыл ұлдың, арда азаматтың кешіне асығыңыз, ағайын! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: Д.А.Қонаев атындағы мұражай

М. Оңғарова