Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Шоқан Уәлихановтың шығармалары ағылшын тіліне аударылмақ

Шоқан Уәлихановтың шығармалары ағылшын тіліне аударылмақ

Шоқан Уәлихановтың шығармалары ағылшын тіліне аударылмақ

"Әлемдік деңгейде қазақ мәдениеті мен дәстүрінің брендін құру" атты ғылыми-зерттеу шарасының аясында Лондон қаласында қазақ ғалымы әрі тарихшысы Шоқан Уәлихановтың ағылшын тіліне аударылған шығармаларының тұсауы кесілетін болады. Бұл жөнінде мәдениеттанушы Ерлан Саиров мәлім етті.

"Жоба шеңберінде біз үш көлемді ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынамыз. Солардың бірі - Шоқан Уәлихановтың бір топ шығармалар жинағын ағылшын тіліне аудару. Біздің жобалауымызша, бұл іс тек бір жылға ғана созылады. Ал осы жылдың аяғында Шоқан Уәлихановтың ағылшын тіліндегі шығармалар жинағының Лондон қаласында тұсауы кесілетін болады", - дейді Ерлан Саиров бейсенбіде өткен "Әлемдік деңгейде қазақ мәдениеті мен дәстүрінің брендін құру" тақырыбында ой өрбіткен дөңгелек үстелде. 

Мәдениеттанушы Ерлан Саировтың сөзіне сенсек, лирикалық эпос "Қозы Көрпеш - Баян сұлуды" да ағылшын тіліне аудару жоспарда жоқ емес екен.  "Біздің эпос та "Тристан мен Изольда", "Ромео мен Джульетталардан" кем емес", - дейді Саиров өз сөзінде.

Ал соңғы жоба  - "ХХI ғасырдағы қазақ ақындарының антологиясын" ағылшынша сөйлету. "Бұл жобаның маңызы зор. Өйткені шетелдегілер біздің бүгінгі поэзиямыздан хабарсыз", - дейді мәдениеттанушы. 

Шоқан Уәлиханов - қазақтан шыққан тарихшы-ғалым, этнограф, экономист, саяхатшы. Қазақтың мақтанышына айналған тұлғаның шығармалары ағылшын тіліне аударылып жатса, мәдениет көшінің ілгері қадам басқаны.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: aruna.kz 
8506 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 15:33
Пікірлер
+0
08 ақпан 2013, 16:01

аударылуға әбден лайықты!

+0
09 ақпан 2013, 08:06

Керемет жаңалық екен. Дұрыс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...