Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақ киносының Фарасы дүниеге келген күн

Қазақ киносының Фарасы дүниеге келген күн

Қазақ киносының Фарасы дүниеге келген күн

Бүгін, 21 қаңтар, қазақ киносында өлшеусіз еңбегі бар ӘБДІРАЙЫМОВ Фархат Нұрсұлтанұлы өмірге келген күні. 

1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген ол, кейіннен қазақ киносында қанатын кең жайып, Фара есімін иеленіп кетті.

Болашағында түрлі камералар мен киноленталар кездесерінен хабарсыз болған актер 1988 жылы инженер-технолог мамандығымен Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген.

1999 жылдан бері Ш. Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясының актері. 

Ол 1996 жылы «Кімнің жаны нәзік болса» кинофильміне, 1999 жылы «Фара», 2005 жылы мәскеулік «Застава», 2008 жылы «Хоккайдо полициясы», 2010 жылы «Қызғылт түсті қоян туралы хикая», «Махаббат тәлкегі», «Нағыз полковник» кинофильмдерінде рөл атқарды.

2001 жылдан бастап ҚР Бильярд спорты федерациясының вице-президенті.

2005 жылдан бері ҚР Кинематографистер одағының мүшесі болған актер 2003 жылы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1996 жылы РФ «Үздік актер» кинобасылымының бас жүлдегері атанды. Ол сонымен қатар, Мәскеуде 1999 жылы өткен XXI Халықаралық кинофестивалінің «Святой Георгий Победоносец» Гран-при жүлдегері және 2000 жылғы «Алтын Адам» сыйлығының «Жыл киножұлдызы» номинациясының иегері.

Асан мен Темірлан атты ұлдарына ардақты әке болып жүрген актердың қазақ киносында алар орны ерекше. Массагет ұжымы ӘБДІРАЙЫМОВ Фархат Нұрсұлтанұлы бүгінгі туылған күнімен құттықтай отырып, оған шығармашылық шарықтау тілейді. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: afisha.ru

1480 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 10:01
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 11:05

Ех, Фара керемет тұлғасың ғой! Құтты болсын!

+0
21 қаңтар 2013, 11:48

Құтты болсын!

+0
21 қаңтар 2013, 13:26

Әкемнен тастай 2 жас үлкен екен!Құттықтаймын !!!!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...