Түнгі клубта күзетші, қоқыс тазалаушы және химик: Рим папасы Францисктің өмір жолы

Түнгі клубта күзетші, қоқыс тазалаушы және химик: Рим папасы Францисктің өмір жолы
Фото: Associated Press

Франциск (лат. Franciscus, ит. Франческо), сайлауға дейінгі аты – Хорхе Марио Бергольо. 266-шы Рим Папасы. 2013 жылғы 13 наурызда сайланды. Тарихта Жаңа Дүниеден шыққан және 1200 жылдан астам уақыт ішіндегі Еуропадан емес тұңғыш Рим папасы. Бұған дейін 731 жылдан 741 жылға  сириялық III Григорийден Рим папасы болған.

• Хорхе Марио Бергольо – 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте итальян иммигранты, теміржолшы Марио Джузеппе Бергольо мен оның әйелі Регина Мария Сиворидің отбасында дүниеге келген. Бес баланың кенжесі. Химия инженері мамандығын игерген.

• 1958 жылы 11 наурызда иезуит орденіне мүше болған. Буэнос-Айрестегі Сент-Джозеф колледжінде философия бойынша білім алған.

• Ол Буэнос-Айрестегі үш католиктік колледжде әдебиет, философия және теологиядан сабақ берген. Испан тілінен басқа итальян және неміс тілдерін жетік меңгерген.

• Франциск дінге келгенге жейін Аргентинадағы түнгі клубта жанжалдасқандарды тәртіпке келтіруші күзетші (вышибала), сонымен қатар қоқыс тазалаушы және лаборант болып жұмыс істеген.

• Ол 1973-1979 жылдар аралығында Аргентинаның провинциясы болды. 1980 жылы Сент-Джозеф семинариясының ректоры болып тағайындалған. Ол бұл қызметті 1986 жылға дейін атқарды. Содан кейін ол Германияда докторлық диссертациясын қорғап, Кордоба архиепархиясының конфессері және рухани жетекшісі ретінде туған еліне оралған.

• 1992 жылы 20 мамырда ол Аука титулдық епископы атағымен Буэнос-Айрестің көмекші епископы болып тағайындалды. Бергольо 1997 жылы 3 маусымда Буэнос-Айрес архиепископының коадьюторы (епархияны мұрагер ету құқығы бар епископ) болып тағайындалған.

• 1998 жылы Буэнос-Айрестің жаңа архиепископы болды.

• 2001 жылы 21 ақпанда Рим Папасы Иоанн ІІ Павел Бергольоны Ватикандағы консозиторияда кардиналдар дәрежесіне көтерді.

• Кардинал Бергольо Рим Куриясында бірден бірнеше әкімшілік лауазымдарға тағайындалғандықтан Дінбасылар қауымының, Құдайға ғибадат ету және Тәңірлік рәсімдер қауымының, Қасиетті өмір институттары қауымының және Апостолдық өмірге арналған қоғамдардың мүшесі болды. Бергольо сонымен қатар Латын Америкасы комиссиясының және Папаның Отбасы кеңесінің мүшесі болған.

• Кардинал Бергольо өзінің кішіпейілділігімен, доктриналық консерватизмімен және әлеуметтік әділеттілік ісіне берілгендігімен танымал еді. Ол өте қарапайым өмір салтын ұстанады, бұл оның беделіне ықпал етті. Ол архиепископтың сарайына ұқсамайтын шағын пәтерде тұрды, қоғамдық көліктің пайдасына жеке жүргізушісі бар лимузиннен бас тартқан және тамақты өзі дайындайды.

• 2005 жылы 15 сәуірде адам құқықтары жөніндегі адвокат Бергольоға қарсы қылмыстық іс қозғап, оны 1976 жылы екі иезуит діни қызметкерін ұрлап кеткен әскери хунтамен келісімге келді деп айыптады. Бірақ кейін ақталды.

• Рим Папасы Иоанн ІІ Павел қайтыс болғаннан кейін Бергольо Ватиканға 2005 жылы папалық конклавқа кардинал сайлаушысы ретінде қатысу үшін шақырылды.

• 2005 жылғы 8 қарашада Аргентина епископтарының конференциясын үш жылдық мерзімге (2005-2008) басқарды.

• Аргентина епископтарының басым көпшілігі оған дауыс берді, бұл оның елдегі көшбасшылығын және Конклавқа қатысу арқылы алған халықаралық беделін растады.

Папа болып сайлану

• 2013 жылы 13 наурызда сайланған Рим папасы, Франциск атын Әулие Франциск Ассизский құрметіне алды.

• Бұл атауды қолдану папалық тарихтағы бірінші оқиға. Франциск иезуиттер орденінен шыққан және Жаңа әлемнен шыққан алғашқы папа атанды.

• 2022 жылдың наурызында Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде Фрэнциск Ресей елшілігіне барды, ол «бұрын-соңды болмаған қадам» деп аталды. Фрэнциск Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон соғып, «жанашырлығын» білдірген.

• Ол аборт, эвтаназия және гомосексуализмге қарсы.

Т. Раушанұлы