Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ақындар фестивалі өтеді

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ақындар фестивалі  өтеді
Фото: egemen.kz

2021 жылдың 29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және Келісім Сарайында кешкі сағат 19.00-де телевизиялық нұсқада 2 сағаттық концерт өтеді.    

Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналған кешке қазақ пен қырғыз, өзбек халқының ұлттық өнеріне қызмет етіп жүрген өнер майталмандары қатысады. Думанды қойылым барысында өнерпаздардың ән айтысы, жыр сайысы, ақындар айтысы, өлең оқу жарысы және бәрі бірге шарқайтын қос халыққа ортақ әндер орындалады. Мерекелік кеште Жамбыл мен Тоқтағұл, Сүйінбай, т.б. ұлы тұлғалардың есімдері дәріптеліп, тарихы тағдырлас, өнері тамырлас ұлттардың бір-бірлеріне сый-құрметтері көрсетіледі. 

Аталған шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 16-17 желтоқсан күндері Республикалық арналардан көрерменге ұсынылатын болады. 

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ақындар фестивалінің концерттік бағдарламасы
1. Қазақстанның мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков
2. Республикалық конкурстарының лауреаты Елбол Қуанбек
3. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ұлжан Байбосынова
4. Әбдіназар Поянов (Өзбекстан)
5. Республикалық конкурстарының лауреаты Айгерім Нартүйеева
6. Ақмадбек Сұлтанұлы (қырғыз ақыны)
7. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжанов
8. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды
9. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов 
10. Республикалық конкурстарының лауреаты Шаттық Уатқан 
11. Мұхтар Ниязов
12. Асылбек Маратұлы (қырғыз ақыны)
13. Республикалық конкурстарының лауреаты Дінисламбек Жайлаубай мен Айзат Қарабекова 
14. Бекарыс Шойбеков
15. Бохтияр Артиков (Өзбекстан)
16. Республикалық конкурстарының лауреаты Мақпал Тоқтаған 
17. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев
18. Нұрбек Серкебаев (қырғыз жыршысы)
19. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров
20. Республикалық конкурстарының лауреаты Бибігүл Сауытова
21. Қазақстанның мәдениет қайраткері Амандық Көмеков 
22. Республикалық конкурстарының лауреаты Елікбай Иса
23. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиев

Т. Есқали