Танымал комикс суретшілері

Танымал комикс суретшілері
Фото: disima.ru

ХХ ғасырдың ең үздік құбылысының бірі — комикс. Супер қаһармандар туралы оқиғаларды ойластырып, оларды суреттеп шығу да танымал өнер түріне жатады. Алғашқы комикс Action Comics (1938 жылы) басылымында жарыққа шыққан еді. Бүгін назарларыңызға аты аңызға айналған әйгілі комикс суретшілерін ұсынамыз.

Джек Кирби

Америкалық автор, суретші және комикс редакторы Джек Кирбиді "Комикс королі" деп те атайды. Өйткені ол 1960 жылдары америкалық комикс стиліне жаңашылдық әкелді, оның шығармашылық идеясының арқасында бүгінде белгілі комикс түрі қалыптасты. Джо Саймонмен бірлесе отырып, ол оқырмандарға Америка Капитанын сыйлады. 1963 жылы алғаш рет "Кек алушылар" ("Avengers #1") комиксі жарыққа шықты. Джек Кирби және Стэн Ли жасап шыққан қаһармандар тобына Тор, Халк, Темір адам кіріп, кейін танымалдығы артты. Сатылым көрсеткіші "X-Men" (1963 жылы) жарыққа шыққанда одан әрі ұлғая түсті. Бұл адамсыз бүгінде  Marvel кеңістігін елестету мүмкін емес. 

Уилл Айснер (Will Eisner)

Джек Кирби "Комикс королі" болса, еврейден шыққан америкалық суретші-иллюстратор Уилл Айснерді "графикалық роман атасы" санайды. Оның жұмысына қарап, бірнеше буын өсті. Суреттері арқылы суретшілер жаттығып, комикс ұғымымен таныс болды. Оның басқа суретшілерден айырмашылығы ол суперқаһармандар не ғарыш кеңістігіндегі соғыс туралы жазған жоқ, оның кейіпкерлері шынайы өмірден алған еді. 

Өзінің мансап жолын ол карикатуралардан бастаған. Оның жұмыстары түрлі басылымдарда жарыққа шықты. 1938 жылы "Құдаймен келісімшарт" (Контракт с Богом) атты новелласы жарыққа шықты. Оның сәтті жұмыстарының бірі ретінде 1940 жылы жарыққа шыққан "The Spirit" (Дух) атты жұмысын айтуға болады. 2008 жылы осының негізінде "Кек алушы" (Мститель) атты фильм түсірілді.

Суретші біраз жыл бойы Нью-Йорк Визуальды өнер мектебінде сурет пәнінен сабақ берді. Бүгінде танымал иллюстраторлар мен  дизайнерлер одан сабақ алған.

Стивен Джей Дитко

Атақты комикс суретшілерінің бірі Стив Дитко Өрмекші адам, Доктор Стрэндж атты белгілі кейіпкерлерді жасап шықты. Ол ұзақ жылдар бойы Стэн Лимен бірге Marvel Comics орталығында қызмет етеді. Өрмекші адамның образы супер қаһарманды да, суретшіні де танымал етті.  

Бала кезінен бастап-ақ Дитко комикстерге қызығушылық таныта бастайды. Оның сүйікті кейіпкері – 1940 жылдардың басында пайда болған Бэтмен. Мультипликация және иллюстрация мектебінде білім алған ол өзінің кумир Джерри Робинсонның бірде-бір сабағын жібермеген. 1953 жылы Дитко Джо Саймон мен Джек Кирбидің студиясында қызмет ете бастайды. 1955 жылы Atlas Comics компаниясына жұмысқа орналасады, кейін компания атауын Marvel Comics деп өзгертеді. Осы жерде тағдыр оны атақты жазушы әрі суретші Стэн Лимен жолықтырады. Екеуінің арқасында комикстар әлеміне ең танымал кейіпкерлердің бірі Өрмекші адам (1961 жылы) өмірге келеді. Одан бөлек, олар "Marvel әдісі" деп аталатын жаңа комиск салу тәсілін ойлап табады. 1988 жылы ол DC басылымына жұмысқа орналасады, бірақ бір жылдан соң ол жерден де кетеді. 

Кейін ол түрлі басылымдарда қызмет етеді. 1960-жылдан бері Дитко сұхбат бермейді, шоулардан бас тартып, өз өмірін жасырын ұстауды дұрыс санайды.

Джим Стеранко

Джеймс Ф. Стеранко — атақты америкалық графикалық дизайнер, комикс иллюстраторы, “Суперграфика” (Supergraphics) басылымының негізін қалаған.  Оның Marvel Comics басылымымен бірлескен жұмысы оған атақ-даңқ алып келді.

Ол Американың Рединг (Пенсильвания) атты кішкентай қалашығында дүниеге келген. Тегі Украинадан шыққан, ата-анасы — арман қуып Америкаға келген иммигранттар. Джим бала кезінен суретші не сәулеткер болуды армандайды. Ата-анасы өте кедей өмір сүреді. Сәйкесінше оның жоғары білім алуға оның мүмкіндігі болмайды. Марвел Комикс орталығына жұмысқа орнаспастан бұрын, талантты бозбола циркте жұмыс істейді. Суретші Marvel Comics басылымына жұмысқа тұрған сәттен бастап, өмірін ретке келтіре бастайды. Оның жұмыстарынан сюрреализм элементтерін байқауға болады. Ол өзінің жаңашылдығымен көзге түсіп, Америка капитанына жаңа леп сыйлайды. Оның Халктың бейнесімен салынған суреті басылымның алғашқы бетіне тап болып, оған танымалдылық алып келеді.  31 жасында ол "Суперграфика" атты басылымның негізін қалайы. Стеранко өз талантын кино саласында кеңінен қолдана бастайды. Ол Стивен Спилбергтің және Фрэнсис Копполаның фильмдерінде концепт-суретші қызметін атқарады. 

Кіші Джон Ромита

Комикс авторы және суретшісі Джон Ромита Өрмекші адам комиксінің суретшісі және бүгінде әлемге танымал Тони Старкты ойлап тапқан адам. Оның алғашқы жұмыстары 1977 жылы жарыққа шығады. Ол Өрмекші адам туралы оқиғаларды суреттейді. "The Amazing Spider-Man" бөліммен жұмыс істеу суретшінің өмірінде шешуші рөл атқарған еді. Оған дейін комикспен оның әкесі жұмыс істеген еді. Оның танымалдылығы Темір адам туралы комикстермен бірге арта түседі. 

Т. Есқали