Жолы болмаған жыл адамдары

Жолы болмаған жыл адамдары

Сайлауда жеңіліп қалған Митт Ромни мен сол елдің бірінші ханымы Мишель Обама және әнші Мадонна ерлерге арналған "GQ" журналының сараптамасы бойынша, 2012 жылдың жолы болмаған жандары деп танылды.

Айта кететін болсақ, тізімге әлемге аттары танымал 25 адамның есімдері ілінген.

Өзіңіз біліп отырғандай, Митт мырза Барак Обамадан сайлауда жеңіліп қалу себепті тізімнің басын, одан кейінгі кезекті дұрыс тамақтану туралы қалың бір кітап шығарса да, отандастарын таңғалдыра алмаған Мишель ханым және үздік үштікті жыл сайын бір ән мен бір киімді қайта-қайта киіп шыға берген Мадонна иеленген.

Тағы да бір айта кетерлігі, жолы болмағыштардың қатарында продюсер әрі сценарист Аарон Соркин де жүр (18-орын). "Әлеуметтік желі" киносының сценарийімен "Оскарға" лайықталған тұлға "Жаңалықтар" атты тележобасымен "көпшіліктің ойынан шыққан секілді". 

Қазақстаннан осы жылы жолы болмаған жан деп кімді айтар едіңіз?

сурет:bzi.ro

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига