Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Наполеон Бонапарттың етігі 117 мың еуроға сатылды

Наполеон Бонапарттың етігі 117 мың еуроға сатылды

Наполеон Бонапарттың етігі 117 мың еуроға сатылды

Француз императоры Наполеон Бонапарттың етігі Парижде өткен бәссаудада 117 мың еуроға сатылған. Бұл туралы Drouot бәссауда үйі мәлімдеді. 

Етіктің бастапқы құны 50-80 мың еуро болған. Лот анықтамасында Наполеон бұл етікті Қасиетті Елена аралына соңғы рет жер аударылған уақытта кигені айтылған. Кейін етік императордың мүсінін жасаған шебер Карло Марочеттиге берілген. Ал мүсінші етікті сенатор Пол Ле Руге сыйлаған. Содан бері Наполеон етігі сенатордың отбасында сақталып келген.

Айта кетейік, Наполеон Бонапарт 1769 жылы 15 тамызда Корсика аралында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 - 94 жылдары революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жастағы Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 жылы  Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Мысырға жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 жылы 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемлекеттік төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 жылы 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 жылы француз банкін құрды. Мемлекеттің қуатын арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында Франция әскерінде қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “Сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған басқару жүйесін жойды.

5 мамыр1821 жылы Наполеон Бонапарт қайтыс болды. Оның өлімінің себебі әлі күнге дейін белгісіз. Наполеон қатерлі ісіктен немесе уланып өлуі мүмкін деген болжам бар.

0
Рейтинг: +2

Фото: twitter.com
Қосылған күні: 03 желтоқсан, 11:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.