Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Барлаушы болған бикештер

Барлаушы болған бикештер

Барлаушы болған бикештер

Соғыс өлімге де, қызметке де адам таңдамайды. Екі Дүниежүзілік соғыста да ер адамдармен қатар қызмет етіп, өмірін қауіпке тіккен әйел адамдар жетерлік. Соның ішінде, барлаушы қызметін атқарған әйел адамдардың орны бөлек. Түрлі туындылардың дүниеге келуіне себепкер сұлулар туралы не білеміз ?

Мата Хари: Биші тыңшы

Маргарета Зелле – экзотикалық билерді орындаушы нидерландиялық ару. Парижде өмір сүрсе де, бүкіл Еуропаға "Мата Хари" лақап атымен танымал болды. Малай тілінде "күн" ("мата" - көз, "хари" - күн) дегенді білдіретін аруды француз билігі Бірінші Дүниежүзілік соғыста немістерге ақпарат тасымалдағаны үшін жазалаған. Дегенмен, заманауи тарихшылардың басым бөлігі оны тыңшыдан гөрі, жалған жала жабылғандардың қатарына көп қосады.

Мата Хари жоғары шенді адамдардың алдында өнер көрсеткен және бірнеше тілде  еркін сөйлеген. Екі жақтың адамдары да әскери ақпаратты алу және жеткізу үшін оның қызметін қолданған. Оның не француздарға, не немістерге болысқаны жайында ақпарат жоқ. Дегенмен, 1917 жылы оны тыңшылық жасады деп тұтқындап, жабық есік артында соттап (оның материалдары әлі күнге құпия), ату жазасына кескен.

Кристина Скарбек: Черчилльдің сүйікті тыңшысы

Поляк графы Ежи Скарбектің қызы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің құпия тыңшылық қызметінде істеген алғашқы әйелдердің бірі болды. Оның жасырын есімі Кристин Грэнвилл болған. Бірде ол ұлтшылдар тобы басып алған Польша аймағына ақпарат жеткізу үшін Словакия мен Польша шекарасына Татры тауы арқылы шаңғымен барған. 1952 жылы ол бетін қайтарған жігіттің қолынан қаза табады. 

Нэнси Уэйк: Ақ тышқан

Жаңа Зеландияда туылған Нэнсиді қолға түсіру мүмкін болмағаны соншалықты оған "Ақ тышқан" деген атау берілген. 1943 жылы ол  гестапо (мемлекеттік құпия полиция) ұзақ уақыт іздеу жарияланған адам атанған. Тіпті, оның басы үшін 5 миллион франк көлемінде ақша тігілген.

1940 жылы Уэйк Гитлер әскері Франция шекарасына кірген кезде Марсельде өмір сүріп жатқан еді. Кейін ол Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде орын алған Қарсыласу қозғалысына қосылып, босқындар мен тұтқындарға көмектескен. Кейін өзі Англияға қашып барып, сол жақта арнайы операцияларды басқару бойынша жаттығудан өтеді. Гестапо қызметкерлері Нэнсидің күйеуін аяусыз өлтірген. Уэйк Францияда 1944 жылы парашют арқылы жерге түседі де, неміс аймағына жасаған партизандық әрекеттерді басқарады. Соғыстан соң оны Франция, Ұлыбритания және АҚШ батыр ретіде марапаттап, қолдау көрсетеді. 2011 жылы Лондонда қайтыс болған.

Виолетта Шабо: гестапо тұтқыны

Виолетта Шабо – арнайы операцияларды басқару  ұйымына күйеуі Мысырдағы шайқаста қаза тапқаннан кейін қосылады. 1944 жылы оны гестаполықтар тұтқындап, Равенсбрюк концлагеріне жібереді. 1945 жылы оны өлім жазасына кеседі. Ол уақытта оның жасы небәрі 23-те болатын. 1958 жылы Ар Джей Миннидің Виолеттаға арналған "Оның есімін мақтанышпен жазыңдар" (И с гордостью её пишите имя) атты кітабы жарық көреді. 

Вирджиния Холл: Ақсақ бикеш

Гестаполықтар Вирджиния Холды "ең қауіпті тыңшылардың" қатарына жатқызатын. Ол АҚШ-та дүниеге келіп, Варшавадағы америкалық елшілікте қызмет атқарады. Дегенмен, оқыс жағдайда аяғынан айырылған ол дипломатиялық мансабымен қош айтысады. Вирджиния соғыс кезінде Францияға көшіп барып, жедел жәрдем бөлімінде жұмыс істейді. Кейін Лондонға барып, арнайы жаттығудан өтіп, Франция еліне қайта оралады.

Қарсыласу қозғалысына адамдар жинап, жаудан қашып шыққан әскерилерге New York Post репортері атын жамылып көмектеседі. Оның ізіне Клаус Барби түскен бойда, Испанияға қашуға тура келеді. Ағаш протездің кесіренен ақсаңдап жүретіндіктен "Ақсақ бикеш" атауына ие болған. Соғыс аяқталған соң, АҚШ-қа қайта оралған ол ОТБ-да (ЦРУ) жұмысын жалғастырады.

Этель Розенберг: тыңшы әлде сыбайлас?

Этель Розенберг пен оның күйеуі Юлиусті 1953 жылы АҚШ–та өлім жазасына кескен. Ондағы себеп олар Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық ядролық құпияларды КСРО–ға жеткізген. Розенбергтер еврей және коммунист болған. Сондықтан, оларды көбі антисемиттік әрі антикоммунистік әрекеттің құрбандары болды деген пікірде болған.

Пикассо олардың жазасы "адамзатқа қарсы жасалған қылмыс" десе, Пий XII папасы, Альберт Эйнштейн және жазушы Томас Манн оларға қатысты бекітілген жазаны қайта қарауды сұраған. Сол кездегі президент Гарри Трумэн нақты шешімге келе алмай дал болса, оны алмастырған Дуайт Эйзенхауэр өлім жазасына кесуге тез арада бұйрық шығарған.

Дегенмен, бүгінде Юлиус шынымен тыңшы болды десе, ал Этель бар болғаны сыбайласы болған деген пікір бар. Бұл отбасылық жұп АҚШ тарихында тыңшылық үшін ауыр жазаға кесілген алғаш жағдай. 

Урсула Кучински: атом тыңшысы

Урсула Кучински – көптеген лақап атпен танымал тыңшы: Рут Вернер, Соня, Урсула Гамбургер, Урсула Бертон. 1930-жылдары Қытайда тұрған кезінде неміс коммунистеріне қосылған. КСРО тыңшылық басқару қызметіне барлаушы ретінде тағайындалған ол, Рихард Зорге және Агнес Смедли секілді барлаушылармен бірге қызмет еткен. 1941 жылы Англияда тұрған ол физик Клаус Фукспен танысып, Мәскеу үшін атомдық тыңшылық қызметін атқарады. 1950 жылы тергеу кезінде бәрін мойындаған ол 14 жылға абақтығы қамалады. Он жыл ғана мерзімін өтеп шыққан соң, Германияға қайта оралып, журналист ретінде қызмет етеді. 

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com / коллаж
Қосылған күні: 17 шілде, 15:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.