Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақ халқының зор ғалымы

Қазақ халқының зор ғалымы

Қазақ халқының зор ғалымы

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер геологы, Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті, қазақ ғылымының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев дүниеге келген күн.  Ол - қазақ тарихында ғана емес, дүние жүзінде геология ғылымының дамуы жолында аты алтын әріптермен жазылатын ірі тұлға, ұлы ғылым.

Қазақтың тау тұлғалы алыптары Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов дос болған. Ұлы жазушы мен ұлық ғалым Семейдегі семинарияда бірге оқыған. Қаныш Имантайұлының көзін көрген Сіләмхан ақсақалдың айтуына қарағанда, екеуі бір жатақханада, бір пәтерде тұрған. Жастайынан бір-бірін тап басып таныған қос таланттың арасындағы адал достық соңғы сәтке дейін жалғасын тапқан.

Жазушы Мұхтар Әуезов көзі тірісінде Қанышқа "Қазақ халқының зор ғалымы" деп мақала жазып, тұлғаны тағы бір қырынан таныта түседі. Алғаш рет "Әдебиет және искусство" (1949, №5), "Қазақ ССР Ғылым академиясының хабаршысы" (1949, №4) журналдарында жарияланды. Кейіннен жазушының 12 томдық (12-кітап, 1969, 5-7-беттер), 20 томдық (1985, 18-кітап, 328-338-беттер) шығармалар жинақтарына енді.

Қазақ халқының зор ғалымы

Қазақтың советтік буындарының ең алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын кісінің бірі — Қаныш Сәтбаев.

1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын енерпаз болумен қатар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді.

Үлкен талантпен қанаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Қызықты еңбегі еркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады.

Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана женге жұмсады. Жұмсады да жеңіп шықты, жетіп шықты.

Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйді ауылдар ғана мезгіл-мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді.

Ол елке туралы осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: «Арал тенңізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жездің молы соларда. Өз жерлерінен казып алады» деген. ХІІІ ғасырда соғын өткен бір кезбе: «Мұнда байлық жатыр» деп кетіпті. Сол үлкен ата-конысты мекен еткен езіміздің Бағанаты жер атын — Жезқазған қойыпты. Қай атасы қазғанын кім білсін!

Қарсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, ез меншігі еткен шетел байлары 1916—1917 жылдарда, жездің молдығын «пәлендей» деп, бір меже койған Жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті.

Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті.

Еңсесін салған еңбекпен жыл етті... Жігіт есіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым-жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бір бел еді, ол өткен. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мелшерден отыз есе артық кен орын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Іздегенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт есіп, ер-азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді.

Енді, Жезқазған көп жұрт аузына ілінді, шетел мамандары тапқан межеден кен мөлшерін алпыс есе асырды. Тағы бес жыл өтті. Жігіт жер ортасы жасқа қарай басты. Емдеп кеткен еңбегінің 15 жылға толған шағы еді. Жезқазған жаһанға мәлім ат алды.

Қаныш жалғыз жезді зерттеп келген жоқ, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атты атырабында талай да талай басқа қазына да ашты. Сол елкеден Байқоңырдай, Қияқтыдай көмірді өзі тапты. Еспедей, елеусіз жерден есілген тағы талай қазына ошағын тапты. Қалың қатпар қорғасын мен күміс тапты. Болар заводқа мол қор болардай қара темір, марганец кенін ашты. Үй, дүкен салар тасты, топырақты заттың асылын, тағы талай бүйым тапты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. Алтын мен молибден де бұғып қалған жоқ. Оны да ашты.

1940 жылы Отаны ер еңбегін бағалап, Қанышқа Одақтың ең жоғарғы сыйы - Ленин орденін берді. 1942 жылы бүкіл Отандағы білгіштердің ғылымдық табыстарын бағалаған қорытынды болып еді. Сонда «Жезқазғанның мыс кендері» деген кітабы үшін Қанышқа мемлекеттік сыйлық бұйырылып, лауреат атағы берілді. 1943 жылы Совет Одағының зор ғылым ордасы -  Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі деген үлкен ғылымды атақ тағы алды.

Бұл жылдарда Қаныш Алматыға ауысқан еді. Көп тәжірибелі ғалым, мойымас қажыр, қайрат иесі, басшы қызметкер Қаныштың ендігі еңбегі өзінің сүйікті республикасының партия, үкімет басшылығы оны Алматыға ауыстырғанда, Бүкілодақтық Академияның Қазақстандық филиалына бастық етті. Сонымен қатар геология институтының директоры болып істеп тұрды.

Қазақ халқының абыройын асырып, совет елінің мақтаны болған асыл азамат Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жаңа орынға келісімен Қазақстан жеріндегі кен байлықтарының бәрін зерттеп, табысқа табыс жалғап, молайтумен болды. Әсіресе, ел-жұрттың жауыз-дұшпаны — неміс басқыншыларымен болған Ұлы Отан соғысы шағында, Қаныш бастаған ғылым орындарының көмегі аса зор болды. Майданға керек болған кен қазынаның бәрін тез тапқызып, мол алғызып отырды.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: коллаж
Қосылған күні: 12 сәуір, 15:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.