Черчилльдің жеке заттары қоқыс жәшігінен табылды

Черчилльдің жеке заттары қоқыс жәшігінен табылды
Фото: vk.com

Британиялық Дэвид Роуз өзі жұмыс істейтін кеңсе жанындағы қоқыс жәшігінен Ұлыбританияның экс премьер-министрі Уинстон Черчилльге тиесілі цилиндр мен сигара тауып алған.  

Құны 10 мың фунтқа бағаланып отқан дүниелердің қасында портсигар мен Черчилльдің үйінде аспаз қызметін атқарған әйелдің өз ұлына жазған  200 хаты болған. Олар саясаткердің өмірі туралы тың мәліметтер береді.  

Дэвид Роуз олжаны BBC Antiques Roadshow бағдарламасында көрсеткен. Оның айтуынша, әйел ұлына күн сайын хат жазып, Черчилльдің көңіл-күйін, немен айналысатынын, бәрін-бәрін айтып жүрген.

А. Оралқызы