Студенттер Берік Айтжановты қазақтың Брэд Питі дейді

Студенттер Берік Айтжановты қазақтың Брэд Питі дейді

«Жаужүрек мың бала» кинофильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Берік Айтжановты Жаңаөзен колледжінің студенттері қазақтың Брэд Питті деп атады, дейді k1.kz сайты.

"Жаужүрек мың бала" лентасында Әбілхайыр ханның рөлін сомдаған Берік Айтжанов

Оның рөліне таңданбаған жан қалмады  — кинофильмді тамашалап болысымен-ақ актер жайында әңгіме қызу талқыға түсті. Көбі бұл фильмді бұрын көріп қойса да, қайталап көруден әлі жалықпағанын айтуда.

 — Мен бұл картинаны осымен екінші рет көрдім, — дейді колледж студенті Нұрлан Өтегенов, — және осы көруімде де, алдында да көз жасымды тыя алмадым. Бұл соңғы кездері қазақстандық киногерлердің түсірген ең үздік кинофильмі.

Экранда қазақ халқының жоңғарлармен шайқасы тамаша көрсетіледі. 

— Бізге дәл осындай кино жетпей жүр еді. Оны көру арқылы халқымыздың намысқойлығын сезініп, ата-бабаларымыздың батырлығы үшін мақтанатын боламын, — дейді студент Айсұлу Өнербаева.

Кинофильм жайында ойларын айтудан жалықпаған студенттер Берік Айтжановты қазақтың Брэд Питті деп отыр. Сөйлесе, көрермен сөйлесін...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: altaynews.kz,news.nur.kz

А. Әбілхан