Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Атақты Ван Даммға ескерткіш қойылды

Атақты Ван Даммға ескерткіш қойылды

Атақты Ван Даммға ескерткіш қойылды

Бельгия астанасы Брюссель қаласында атақты Голливуд актері Жан Клод Ван Даммға ескерткіш қойылды. Бұл ескерткіштің дәл осы елде қойылуы кездейсоқ емес еді. Себебі Бельгия - Ван Даммның отаны болып табылады.   

Ескерткіш биіктігі - 1 метр 74 сантиметр. Салмағы - 1,5 тоннаны құрайды. Ал Ван Даммның түрі жартылай жалаңаш, тай боксының шортиін киген жауынгер ретінде бейнеленген. Ескерткіш салудан бұрын жергілікті билік өкілдері қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізген екен. Оның қорытындысы бойынша адамдардың басым көпшілігі бұл ойды құптаған. 

Ескерткіштің салтанатты ашылуына арнайы жұбайымен келген актер өз таңданысы мен қуанышын жасыра алмады. Бұған себеп актер ескерткіш пен өзінің бейнелері арасында ерекшелік байқамаған екен. Яғни туынды Ван Даммның көңілінен шықты.  

88

Ескерткіш жобасымен айналысқан - Ги Дюшейн атты белгілі мүсінші. Ол өз қолынан шыққан туындыны "Брюссель бұлшықеті" деп атауды ұйғарған екен.

Жан Клод Ван Дамм Бельгиядағы ең танымал әрі беделді тұлғалардың бірі. Ол өз мансабы жолында елуден аса картинаға түскен екен. Бұл фильмдер боевик жанрын сүйіп қарайтын көрермендер арасында аса танымал. Оның ең алғаш ролі 1986 жылы жарыққа шыққан "Жібермеу және берілмеу" фильмінде орын алды. Бұл фильмде ол орыс жекпе-жек шеберінің рөлін сомдаған еді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: terrasochi.ru 

1670 5
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 31 қазан 2012, 16:12
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 17:05

Күшті ғоййй, түрі аздап келмейді десем иа )))

+0
01 қараша 2012, 11:29

уау! Менің сүйікті актерім! Брюссель бұлшықеті керемет екен!

+0
01 қараша 2012, 11:41

кассетадан касета қоймай жинап жүріп көруші едік , тумбочкаға наклейкасын жапсырып.

+0
01 қараша 2012, 11:41

кезінде керемет құрмет көрсетуші едік

+0
02 қараша 2012, 02:51

балалық шақтың аңыз актері ғой)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...