Рональд Рейганның жанкүйері

Рональд Рейганның жанкүйері
Фото: stmed.net

"Кеңес Одағына соғыс жарияладым. Ядролық шабуыл 5 минуттан соң басталады"

Рональд Рейган

Түрлі сайттар АҚШ президенттері арасында ең жоғары рейтингке ие есебінде Рональд Рейганды айтады. Себебін іздесеңіз көптеген қызықты мәліметтерге жолығасыз. Саяси өмір жолын алатын болсаңыз 40 президент ел басқарған  кезінде АҚШ-тың эканомикалық жағынан да тұрмыстық жағынан да біршама өскенін көресіз.

Сол  дәуірде АҚШ-тың саяси майдандағы негізгі бәсекелесі Кеңес Одағымен қарым-қатынасын екі бөлімге бөліп қарауға болады. 80-жылдардың бірінші жартысында Рейган Кеңес Одағын "жауыздық империясы" деп атап, әскери күштері мен қорғанысты қаржыландыруды 30 пайызға өсірді. Әлі өмірге келмеген «Жұлдыздар соғысы» деп аталатын әскери тізіммен қарсыласын қорқытты. Ал, 80-жылдардың екінші жартысынан бастап Кеңес Одағымен қарым-қатынасы аздап жіби бастады. Бұл дәуірде Горбачевпен достық кездесулер, ядролық соғыстың біткендігі, қару-жарақ жарысына шек қою, жұмыссыздық дәрежесі минимал 10 пайызға дейін түсу сынды әрекеттермен ол тарихта қалды.

Бұл әрекеттер Рейган рейтингісін Кеңес Одағында да көтеріп жіберген. Ресей кинематографиясының жұлдызды актерлерінің бірі Савелий Крамаров хикаясынан хабардар боларсыз. Ол миграцияның соңғы жолы ретінде Рейганға арналған «Әртістен әртіске» деп аталатын хатын АҚШ елшілігі қабырғасынан ішке лақтырып жібергеннен соң ғана өз елінен кету, жаңа отаны – Америкаға кіру жолы ашылған болатын.

Сонымен бірге, Рональд Рейган "Америка арманы" терминінің жарқын мысалы еді. Ол ортанқол шаруаның ұлынан бастап Голливуд актері, әлемнің ең құдіретті мемлекетінің басшысы жолдарын басып өтті. Голливудтан саясатқа дейінгі жолда актерлік мансабы көпір міндетін орындаған болса, өзінің өткір ақылы мен ерекше шешендік қабілеті және харизмасы ауыр жолда қанат міндетін атқарды.

Американың 40-призиденті колледжді бітіргеннен кейін бірінші жұмысы радиостанция болған. Радиода Рейган спорт комментаторы болып қызмет атқарған. Бұл уақыттарын ол ең бақытты күндері есебінде еске алған екен.

Міне, осы эфирдегі жұмысы оның шешен сөйлеп, көпшілікті өзіне қарата алу қабілетін дамытқан. Президент кезінде жұртшылық оның эфирге шығуын теледидар алдында тағатсыздана күтетін. Әсіресе оның әзілдері өте танымал болатын.

Тіпті, мынадай қызықты оқиға болған. Бір күні Рейган радиода тікелей эфирде сұқбат беруге келеді. Жүргізуші сұқбатты бастау үшін микрофонды тексеріп көру мақсатында бір-екі ауыз сөз сөйлеуін өтінеді. Сонда, Рональд: «Кеңес Одағына ядролық соғыс жарияладым. Шабуыл 5 минуттан соң басталады», –дейді. Әлбетте, бұл әзіл болатын. Бірақ, тікелей эфирдегі сөзді бәрі естиді және мұқит артындағы алпауыт ел Кеңес Одағына да жетеді. Осы әзіл кесірінен шынында да атом соғысы басталып кете жаздаған.

Өмірі түрлі әзіл-күлкіге толы болса да Рейганның ел басқаруы оңай болмаған. Сайлаудан көп өтпей жатып оған қастандық жасалады. Акириса Джоди Фостердің махаббатына иемденем деген ақыл-есі дұрыс емес Джон Хинкли президентті атады. Кездейсоқ сәттілік себепті Рейган көкірегіне тиген оқтан аман қалады. Бұл оқиға оның денсаулығына елеулі дәрежеде зиян әкелсе де призиденттік екінші сайлауға да қатысып жеңіп шығады. Ақ үйді Рейган жеңімпаз ретінде тәрк еткен. Өмірінің қалғанын ауруларымен күресуге арнаған.

Рейган Америка түгілі басқа құрлықтарда да өте атақты болатын. Оның бір ғана мысалы, Партугалиялық дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жозе Диниш Рейганның эфирден шығуын үнемі қадағалап қарап жанкүйеріне айналған. Ол Рейганның өмірі мен қызметіне арналған газет-журналдарды, мақалаларды, барлық мәліметтерді қалдырмай жинап жүретін. Тіпті, тууын күтіп жүрген төртінші ұлын да Рональдтың есімімен атамақшы болатын. Жұбайы болса басқа есімді таңдап қойғанын айтады. Жозе өз сөзінен қайтпайды. Соңында ақылдаса отырып, жұбайы мен өзі таңдап қойған есімдерді біріктіріп бір есім шығарады. 1985 жылы 5 ақпанда туған бұл сәбиге берілген есім – Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру болатын.

Т. Раушанұлы