Криштиану Роналду әпкесінің жазбасы

Криштиану Роналду әпкесінің жазбасы
Фото: hdfon.ru

Мадридтік "Реал" футбол командасы Ла Лига, яғни Испания ішкі біріншілігін жақсы бастады деп айта алмаймыз. Каталониялық "Барселона" футбол командасынан артта қалып қана қоймай, 19 ұпайға сырғып кеткен команданың бас бапкері Зидан үшін бұл үлкен мәселе. Соның ішінде Реалдың сұрмергені Криштиану Роналдуға айтылып жатқан сын көп, бірақ оның әпкесі Катя Авейру бауырын қолдап, өзінің ресми инстаграм аккаунтына мына жазбаны жариялаған: 

«12 жасыңда көзің жас пен үмітке толып Лиссабонға кеткеніңде, олар сені "жай ғана Мадейрадан келген жас бала" деді. 5 жылға жетер-жетпес уақытта, сен «Спортингтің» негізгі құрамында ойнай бастадың. 

Үлкендермен алғаш ойнай бастағанда, олар сені "жай ғана техникалық тұрғыда жақсы ойнайтын құр кеуде" деді, бірақ арада бірнеше ай өткеннен кейін сен «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шартқа отырдың. 

Англияға келгеніңде олар сені "кез келген уақытта өзін жоғалтып алуы мүмкін, жай ғана әлеуеті бар ойыншы" деді. Англияда өткізген 6 маусымда сен 118 гол салдың. 

«Реалға» ауысқаныңда, олар сені "тек атың үшін, атың жазылған жейделерді сату үшін алды" деді. Бірақ сен 2009 жылдан бері 418 ойын өткізіп, 422 гол салдың. Рекордтардың барлығын дерлік бұздың. 

2008 жылы «Алтын Допты» алғаш рет алғаныңда, олар сені "осымен тоқтайды" деді. Бірақ сен тағы төртеуін алдың. 

Ұлттық құраманың капитаны болғаныңда, олар сені "харизмасыз, көшбасшылық қасиеті жоқ, жай ғана кезекті капитан" деді. 2016 жылы сен алғаш португалиялықтардың бірі болып Еуропа чемпионы кубогын көтердің. 

Сен өзге ғаламшарлық сияқты екі-үш гол салмасаң, олар сені бұл жай ғана футболдық мансабын аяқтауға жақын, жасы келген ойыншы – құдды бір сен мансабыңды аяқтаған, ойынын тәмамдаған футболшыдай айтады. 

Қам жеме! Эйфель мұнарасында қолыңдағы жүлдемен күлімсірегеніңде, шешуші гол соққаныңда, жаңа рекорд қойғаныңда, олар саған мұқият қарайды, қол соғады.

Бейшара адамдар-ай, оларға қалғаны тек осы».

М. Ақан