Қос қолынан өнер тамған Саимир Страти

Қос қолынан өнер тамған Саимир Страти

Суретті ерінімен салатын қыз есіңізде шығар? Ерекше өнер иесі суретші Саимир Страти шегеден жасалған суретімен Гиннестің рекордтар кітабына енген. Шегеден жасалған сурет ол үшін өз өнерінің беташары емес-тін. Өйткені ол бұған дейін де мұндай туындыларды көптеп дүниеге әкелді. Миллион тіс шұқығыштан жасалған суреті мен шарап тығындарынан жасаған туындыларының өзі неге тұрады?! Кофе дәні мен жұмыртқа қабығын үйлестіріп алып сурет жасағаны тағы бар.

Саимир осымен бесінші рет Гиннестің кітабынан орын алып үлгерді. Ол 2006 жылы Леонардо да Винчидің автопортретін шегелермен жазып шығып, алғаш рекордын жаңартты. Ол үшін 400 кг шеге кеткен. Бар болғаны 40 күннен соң «Әлемдегі ең үлкен шегеден  жасалған мозаика» дүниеге келді.

Ал мына туындыны автор қарапайым тіс шұқығыштардан жасап шығарған:

Ал мына туынды шарап тығындарынан жасалған. Алып суретті өмірге әкелу үшін автор оған 300 дана шарап тығынын пайдаланады.

"Әлемдегі бұрандалы шегелермен жасалған ең алып суреттің" авторы да осы кісі. Бұл туындыны ол 2009 жылы жариялады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: liveinternet.ru

А. Әбілхан