Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Өнер адамдары өз жаңалықтарымен бөлісуде

“V-Alem” тобы жаңа бейнебаян түсірді

Өнер көгіне өткен жылы ғана қанат қаққан “V-Alem” тобы «Іздеймін сені» әніне бейнебаян түсірді. Бұл топ шығармашылығындағы екінші бейнебаян. «Іздеймін сені» әнінің әуенін Жанат Серікбек, ал сөзін Самат Рыспанбет жазған. Бейнебаян режиссер Анвар Матжановтың жетекшілігімен трек бағытында түсірілген. Сондай-ақ, “V-Alem” тобы Айнұр Бабаевамен қосылып, «Көк тарландары» телехикаясының саунд трегін жазды. «Көк тарландары» телехикаясында басты рөлдердің бірін топ мүшесі Жалын Тілеуберген сомдаған.

Нұркен Әшіров жеке шығармашылық кешін өткізеді


Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, мемлекеттік стипендия иегері, «Тарту» тобының мүшесі, белгілі музыкант, күйші-сазгер Нұркен Әшіров қазанның 3-жұлдызында жеке шығармашылық кешін өткізеді. Кеш Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының камералық залында өтеді. Бұл кеште Нұркен Әшіров танымал қазақ күйлері мен өз шығармаларын орындайтын болады. Сондай-ақ, күй күмбірлейтін концертте «Тарту» тобы, «Әлқисса» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, әнші Ерлан Рысқали өнер көрсетеді. Ал қырғыз елінен арнайы шақырылған қонақ қомызшы Перизат Ибраева Нұркен Әшіровпен бірге күй тартысқа түсетін болады.

Асанәлі Әшімовтың фотоальбомы жарыққа шықты


Қазақ өнерінің біртуар тұлғасы Асанәлі Әшімовтың 75 жылдық мерейтойының құрметіне орай «Өнер» баспасынан «Халық перзенті» сериясы бойынша фотоальбом шығарылды. Фотоальбомда халық әртісінің балалық, жастық шағындағы бейнесі мен өнер жолындағы алғашқы қадамдары мен жетістіктері көрсетілген. Сондай-ақ, аңызға айналған актердің сахнадан тыс өмірі, отбасы, дос-жарандары, сырлас жолдастары, әріптестерінің ортасында түскен естен кетпес сәттері бейнеленген. Фотоальбомдағы әрбір сурет қазақ кино және театр өнерінің сарқылмас шежіресі. Себебі, бұл фотоальбомда бүгінде өмірден өткен Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Елубай Өмірзақов, Әнуар Молдабеков, Бикен Римова, Фарида Шәріпова сияқты майталмандардың бейнелерін көруге болады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер жұлдыздардың жеке мұрағаты мен tengrinews.kz сайтынан алынған 

10795 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 27 қыркүйек 2012, 11:39
Пікірлер
+0
27 қыркүйек 2012, 10:50

Ерлан Рысқалиииии! :D

+0
27 қыркүйек 2012, 11:49

Асанәлі атамызда қартайды.. :(

+0
27 қыркүйек 2012, 12:15

V-Alem тобының клипі жақсы, бірақ арасындағы ағылшын текст нивтему сияқты.

+0
27 қыркүйек 2012, 12:47

Асанәлі Әшімовтың фотоальбомын қалай алса болады екен?..

+0
27 қыркүйек 2012, 14:02

V-Alem клипі ұнады, жақсы би көрсете біліпті

+0
19 маусым 2013, 09:16

Жанарым жабыққанда
Көңілім қамыққанда
Сезімдер сазды әуен боп
Іздеймін сені, іздеймін сені
[ http://kazchords.kz - аккорды и тексты казахстанских песен]

Ағарып таң атқанда
Мұң тұнып қабақтардан
Құлазып жаралы жүрек
Іздеймін сені, іздеймін

Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған
Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған

Ақ жауын сепкен кеде
Самал жел өткен кезде
Адасып үміт, арман
Іздеймін

Үмітім ұшқан кезде
Өзге ару құшқан кезде
Күрсініп көк жиекке
Іздеймін сені
Іздеймін

Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған
Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған

Hey miss, this moment, night
I remeber you, you are girl of my dreams
Hey, baby, can you hear me?
You driving me crazy
And i sing this song just for you

Атар таңның арты тұман алды нұр
Жүректерде сезімменен толы үміт
Сені мен менің арамызды жалғаған

Көрінбейтін сезмдерді жалғаған
Махабаттын тебірентіп жырлаған
Жүрегіміз жүректерге тіл қатып
Айлы түнде ұйқымызды ұрлаған

Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған
Жаным менің,
Арналады бұл әнім, тек саған

cөзі: Самат Рыспанбет
әні: Жанат Серікбек ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...