Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Біржан салға ескерткіш орнатылды

Біржан салға ескерткіш орнатылды

Біржан салға ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Степняк қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі әншісі Біржан салға арналған мемориалдық кешен ашылды.

Кешен композитордың алты метрлік мүсіні, субұрқақ және киіз үй пішініндегі құрылыстан тұрады. Композиция авторы көкшетаулық Мұнарбек Бұрмағанов. Ескерткіш ақынның жерлестерінің қаржысына салынған.

"Қазақ халқы үшін Біржан салдың орны ерекше. Орыс халқы Пушкинді, Шаляпинді, Глинканы қалай құрмет тұтса, біз де бұл бабамызды дәл солай құрметтейміз", - деді мемориалдың ашылу салтанатына қатысқан Еңбекшілдер ауданының тұрғыны Тасболат Алпамысов.

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) жастайынан әншілігімен көзге түскен дарын. Ол осылайша домбырамен ән айтып, көпшіліктің көңілін тауып өсті. Осы жылдарға дейін әншінің артынан "Біржан сал", "Алтын балдақ", "Ақтентек", "Жаймашуақ", "Бурылтай" секілді туындылары қалды.

Біржан сал, сонымен қатар, талантты айтыскер болды.  Мәселен, оның 1871 жылы Жетісу жерінде өткен Сара Тастанбекқызымен болған айтысы ел жадында жанр классикасы ретінде сақталды. 1946 жылы композитор Мұқан Төлебаев осы айтыстың негізінде "Біржан - Сара" операсын жазып шықты.

Айта кетелік, әншінің ескерткіші 1991 жылы Көкшетау қаласында ашылды. 2009 жылы "Қазақфильм" киностудиясы "Біржан сал" фильмін түсірді. Лентаға Досхан Жолжақсынов режиссерлік қылып, басты рөлді сомдады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Қастеевтың картинасының фрагменті

4914 2
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 14 қыркүйек 2012, 17:51
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2012, 19:43

жақсы бастама, Біржанның да аты ешқашан өшпеу керек

+0
15 қыркүйек 2012, 11:45

Жақсы болды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...