Төреғали Төреәлі де «Ninety one» тобын сынға алды

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі де өзінің «instagram» желісінде «Ninety one» тобын сынға алды. Ринат Зайытовпен пікірі бір жерден шығатынын білдіріп, ақын Қайнар Алагөзөвтің өлеңін оқырмандарымен бөлісті. Ал әншінің оқырмандары бұл өлең мен бөліскен жазба туралы түрлі пікірлер айтуда.

Айта кетейік, жақында ғана «Қазақстан» арнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтыскер ақын Ринат Зайытов «Ninety one» тобын сынға алған болатын.