Арнольд Шварценеггер обыр дертіне шалдыққан азаматтың тілегін орындады

Арнольд Шварценеггер обыр дертіне шалдыққан азаматтың тілегін орындады
Фото: starslife.ru

Голливуд жұлдызы әрі Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер обыр дертіне шалдыққан австриялық азамат Йозеф Миттермайердің тілегін орындады. Оған арнайы сый жолдап, қарияны қуанышқа бөледі.

75 жастағы зейнеткердің қызы Сара Миттермайер «facebook» әлеуметтік желісінде әкесінің Арнольд Шварценеггерді құрмет тұтатынын, оның өнерін жоғары бағалайтын жандардың бірі екенін жазған. Кейіннен оның жазған жазбасын 100 мыңнан астам адам өз парақшаларында бөлісіп, танымалдылыққа ие болды. Жақында Сараға танымал «жұлдыздың» досы хабарласып, Арнольд Шварценеггер арнайы сыйлық жіберетінін хабарлаған. Нәтижесінде сигара шегу мен жинауды жақсы көретін қарияға сүйікті актері арнайы сигаралар қорабын, жеке сигаралардың қаптамасы және «Терминатордың» қолтаңбасы бар фотосуретін жіберіпті.

Австриялық азаматтың обыр дертіне шалдыққаны 2013 жылы анықталған. Дәрігерлер оның сигараларға әуестенуіне түсіністікпен қарап, темекі тартуына қарсы болған жоқ.

Дереккөз: inform.kz

О. Сансызбай