Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Жұлдызды жаңалықтар

Өнер жұлдыздары өз жаңалықтарымен бөлісуде.

Сәкен Майғазиев «Асыл ана» күйтабағын жарыққа шығарды

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «МузАрт» тобының әншісі, «Парасат» тобының продюсері Сәкен Майғазиев өнерсүйер қауым назарына «Асыл ана» атты күйтабағын ұсынды. Әншінің жеке ән жинағына өз орындауындағы «Асыл ана», «Арайлым», «Әкешім» т.б.әндері енген. Ерекше дауыс иесі Сәкен Майғазиев күйтабағын «Меломан» дүкендер желісінен алуға болады.

«Алдаспан» тобы якутиялық әнші Юлианамен өнер көрсетті


Әр аптаның демалыс күндері «СТВ» арнасынан көрсетілетін «Акустика. Живой звук» бағдарламасына «Алдаспан» тобы мен якутиялық әнші Юлиана Кривошапкинамен бірге қатысты.

«Юлиана біз сияқты «The Spirit Of Tengri» заманауи этника музыка фестиваліне қатысады. Ол шаңқобызда ойнап, көмеймен қайлап, ән айтады. Бірлесе жасаған импровизациялық шығармамыз тамаша шықты деген ойламыз. Бағдарламаны алдағы күндері тамашалайтын қалың көпшілік өз бағасын берер деген ойдамыз», - дейді «Алдаспан» тобының мүшесі әрі продюсері Нұржан Тойшы.

«V-Alem» тобының әншісі Жалын Тілеуберген фильмге түсті


«V-Alem» тобының әншісі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Жалын Тілеуберген 16 сериядан тұратын «Десант» фильміне түсті. Белгілі актер, сценарист, режиссер Ержан Рүстембеков пен жоба идеясының авторы Данияр Күмісбаев әскери мамандықтың қыр-сырын, оның қаншалықты жауапты іс, кәделі кәсіп екенін көрсетуді көздеген соң, «Десант» сериалын түсіруді қолға алған. Фильмде Мерей Маханов, Ұлан Болатбеков, Олжас Жақыпбаев, Жалын Тілеуберген сияқты жас актерлер бой көрсетеді.

«Фильмге түсуге кастинг жүріп жатқанын естіген бойда, досыммен бірге бағымды сынап, барған едім. Араға күндер салып, бейнесынаққа қатысуға шақырту алдым. Жолым болып, Талғат рөліне бекітілдім. Түсірілім жұмыстары Қапшағай қаласындағы ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлердің 35-гвардиялық десанттық шабуыл­даушы бригадасының базасында өтті. Нағыз әскери өмірді өз көзімізбен көрдік. Басында қиын болғанменен, кейін етіміз үйреніп кетті. Еңбегіміздің нәтижесін қыркүйек айында республикалық арналардың бірінен көре аласыздар», - дейді жас актер әрі әнші Жалын Тілеуберген.

«ST Brothers» шығармашылығын шыңдауда


Өнер әлеміне бертінде қанат қаққан «ST Brothers» дуэті шығармашылығын шыңдау үстінде. Еліміздегі этно-джаз бағытын дамытуға сүбелі үлес қосуды көздеген ағайынды Серік пен Тохтар Нұрмолдаевтар өз репертуарларының өрісін кеңейтіп, жаңа әндер жазу үстінде.

«Алғашқы туындымыз «Бауырым-әнім» әніне бейнебаян түсіргеннен кейін, ол республикалық арналардан көрсетілді. Таяуда ғана «Мөлдір сезім» әнін жаздырдық. Алдағы күндері бұл әнге де бейнебаян түсіру ойда бар. «Мөлдір сезім» әні де алғашқы әніміз сияқты авторлық шығарма. Қазіргі таңда, жаңа әндер жаздырып, репертуарымызды толықтырудамыз», - деп Серік Нұрмолдаев дуэттің шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер жұлдыздардың жеке мұрағатынан алынған


16588 1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 тамыз 2012, 15:44
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 14:30

Серік Нұрмолдаев US5-тағы Ричи Стринджиниге ұқсайды, бір жерлері ұқсас ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...