Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қажы Әли – фонтан-адам

Қажы Әли – фонтан-адам

Қажы Әли – фонтан-адам

Қажы Әли – әлем тарихында «атақты құсатын адам» деген атпен белгілі болған цирк әртісі. Ол 1892 жылы Египетте туылған. 1920 жылдан бастап өзінің кез келген құрғақ және сұйық заттарды жұтып, оларды өз қалпын бұзбастан қайта құсатын өнерімен АҚШ циркшілерін де аузына қаратты. Ол уақыттарда ауыздан фонтан секілді суды шығарып жұртшылықты таңдандыру қиын шаруа емес-ті. 17 ғасырдың ортасында бұл өнермен француздық Жан Ройе де танылған болатын. Блез Манфре деген өнерпаз суды жұтып, оның орнына шарап құсып шығаратын өнерді меңгерген көрінеді. Бұл трюктың сыры өте қарапайым. Ол сахнаға шығар алдында шарап түсін шығаратын цезальпинийді жұтып алады екен. Суды жұтып, қайта фонтандатып атқылату анау айтқандай мүмкін емес нәрсе емес. Мұны ағзасында ауытқушылығы бар адам ғана жасайды деген де жаңсақ пікір. Бұл үшін әртістер асқазан мен өңешті әбден жаттықтырады. Мұндай өнерді көрсету барысынды халықтың көзін арбау үшін ауызға арналған құралдар пайдаланған әртістер де болған. Олардың танымал болуы қаншалықты тез болса, соншалықты өнердегі мансаптары да төмендей берген. Жұтқан затты ауыздан қайта атқылатып шығару өнерімен Қажы Әли көптеген трюктардың иесі атанды. Мысалы үшін, оған 2 немесе 3 аквариумдағы суды жұту мүлде қиындық туғызбайтын.

Содан соң осы өлшемдегі суды қайта ауыздан атқылатып шығарып берген.

Сонымен қатар ол көпшіліктің алдында құрғақ затты жеп, жақсылап шайнап, артынан су ішіп, қайта сол жеген затын бүтін күйінде шығарған. Осы трюктардың бәрін жасап болған соң ол соңында өзінің басты өнерін паш етеді. Ол үшін сахнаға кішкентай үйшік алғызады. Әртіс қайтадан су ішіп, артынан жермай ұрттайды. Содан соң аузынан отты жалын шығарып үйшікті жандырған. Артынша сол отты алдында ішкен суымен сөндірген.

Қажы Әли белсенді түрде аптасына 22 көрсетілімнен кем көрсетпей концерт өткізіп тұрған. Әйгілі әртіс өзінің Англияға сапарында көз жұмады. Бұл 1937 жылдың 5 қазаны болатын. Өліміне жүрек талма ауруы әсер еткен көрінеді. Сонда да Қажы Әлидің өнері өшіп қалған жоқ. Қазір сол өнерді британдық Стиви Старр жалғастырып келеді.

Айтпақшы, 1931 жылы жарыққа шыққан «Айлакер» фильмінің арқасында Қажы Әлидің бір көрсетілімі халыққа тараған. Сіздер де тамашалаңыздар!


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: nevozmozhnogo.net, forum.allavatars.ru, yaplakal.com

1242 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 шілде 2012, 17:57
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 19:02

обоже (с) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...