10 образдың 10 сөзі

10 образдың 10 сөзі

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, көпшіліктің сүйікті әртісі Бекжан Тұрыстың 10 образының 10 сөзін беріп отырмыз. Актер шеберлігімен тіпті тереңдеп, өткірленіп шығатын, кейде әзілмен тұздықталатын тіркестерді оқи отырыңыздар.

Әкесі балаларын сабай алмай қалған үйде қайдан тәртіп болсын. 
©Қырманбай ақсақал. «Бес бойдаққа бір той» (Т. Нұрмағанбетов)

Айманның сол жағында Шолпан болар,
Шолпанның сол жағында Айман болар.
 

© Жарас. «Айман-Шолпан» (Мұхтар Әуезов)

Сығырайған біздің көз жұмуға да ыңғайлы, ашуға да ыңғайлы. 
©Шәмші. «Сыған серенадасы» (И.Сапарбай)

О тоба, қандай азғын бұл заманның жастары, ажырасар қосылмай жатып бастары.
© Лоренцо пірәдәр. «Ромео Джулетьа» (У. Шекспир)

Солып қалған қазақ халқының рухы ояна ма?
© Қожанасыр. «Қожанасыр тірі екен» (Т. Нұрмағамбетов)

Бірін-бірі тірідей жұтқан пасықтардан шаршадым.
©Таубай. «Тендерге түскен келіншек» (М. Сәрсеке)

Болашағың бұлыңғыр, келешегің күңгірт – қор боласың-ау…
© Ақсақал. «Жүрейік жүрек ауыртпай» (Б.Жакиев)

Мына заман қай заман?
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
өлшеуі жоқ бай заман.

©Шәкәрім. «Шәкәрім» (Ә. Рахимов)

Қысқа күнде қырық құбылған қитұрқылар, шапан жамылған көркеуделер, жітікөз ұрылар, сыртыңнан сатып күнде өлтіріп жүр.
©Хуан бас уәзір. «Бейбарыс сұлтан» (Р.Отарбаев)

Елсіз – жердің көркі жоқ, жерсіз – елдің дерті көп екен.
©Жәмеңке абыз. «Қилы заман» (М. Әуезов)

Дайындаған: Арман Әлменбет

Материал namys.kz сайтынан алынды

сурет: auezov-teatr.kz

Е. Қайрахан