Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Чак Норрис VS Massaget.kz

Чак Норрис VS Massaget.kz

Чак Норрис VS Massaget.kz

Тұңғыш рет атақты Брюс Лидің қарсыласы ретінде көрінген Чак Норристі барлығы да таниды деп ойлаймыз. Оның танымалдылығы мемге айналуымен де арта түсті.

Чак Но́ррис (Chuck Norris) – шын аты Карлос Рэй Норрис. 1940 жылы АҚШ-тың Оклахома штатының Райан қаласында дүниеге келген. Ол тек киноактер ғана емес, сонымен қатар төбелес өнерінің шебері.

Чак Норрис VS Биография

Чактың әкесі көлік жөндеуші екен. Оның ішімдікке салынғанын да Чак сұхбаттарында айтыпты. Атасы таза қанды ирландық екен де, әжесі чероки тайпасының өкілі. Чактың балалық шағы кедейлікте өтіпті. Әкесі мен шешесі ажырасқан соң екі інісімен бірге қиын-қыстау өмір сүрген. Шешесі ажырасқан соң балаларына жаңа әке іздеп, Джордж Найт есімді азаматпен тұрмыс құрады. Чактың айтуынша, осы өкіл әкесі оның спортқа деген қызығушылығын ашқан.

Есейе келе кейіпкеріміз жүк қоймаларында ауыр жұмыс жасай бастайды. Сол кезде оның арманы полицей болу болған екен. Арман жолында 1959 жылы әскери қызметке бет бұрып, Оңтүстік Кореяға аттанады. Осы әскери базада оны Чак деп атап кеткен. Бұл уақытта оның әйелі болған. Бұрынғы сыныптасы Диана Холечек екеуінің арасындағы махаббат өмірінің ең бір бақытты шағы болады. 30 жыл бойы бірге өмір сүрген соң Дианамен ажырасады да 25 жастағы Моника Холлмен қосылады. Бірақ қазірде Норрис үлгілі әке. Ол өз ұлдарымен жақын қарым-қатынаста. Ал ағасы Аарон Норрис орта деңгейлі режиссер.

Әскери қызмет оған ішпыстырарлықтай көрінгендіктен, спортпен айналысуды жөн көреді. Әскери қызметтен босағанда ол қара белбеу иесі болып үлгереді.

1963 жылы ол тұңғыш каратэ мектебін ашады. Ал бір жыл өткен соң екінші мектепті ашқан. 1965 жылы Лос-Анджелесте өтетін чемпионатқа барып жеңімпаз атанады. 1968 жылы оның 32 жеке каратэ мектебі болған екен. Жартылай салмақта каратэден әлем чемпионы болғаны да сол жыл. Бұл атағын ол 7 жыл бойы қорғапты.

Чак Норрис VS Кино

Кинодағы мансабын Чак өзінің шәкірті болған Стив МакКуиннің арқасында бастап кетеді. Бірінші әрі сәтті рөлі атақты Брюс Лидің қарсыласы болып ойнайтын «Айдаһар жолы» («Путь дракона») фильмінде болады. Оған фильмге түсу қатты ұнайды да, ол бірден актерлік шеберлігін шыңдай бастайды. Кейін сәтсіз де, сәтті де болған бірқатар фильмдерге түседі: «Қарсы шығу!» («Вызов!»), «Үнсіздік кодексі» («Кодекс молчания»), «АҚШ-қа басып кіру» («Вторжение в США»), «Із түссіз жоғалғандар» («Без вести пропавшие»). Бірақ осы фильмдердің ішінде оның жұлдызы жанған рөлі Техас рейнджері Уокерді сомдаған фильмі болады.

Чак Норрис 7 кітап жазып шыққан. Сонымен қатар, көптеген телевизиялық шоу жасайды.

Чак Норрис VS Саясат

Чак Техас штатының жеке мемлекет болуын алға тартады. Оның ойынша, АҚШ өз штаттарының қатарында Техасқа үстірт қарап, экономикасына көмектеспегені үшін жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға құқы бар. Ал жаңа құрылған мемлекеттің президенті ретінде өзін көреді екен. Мұнымен қоймай, Чак Калифорния штатында бір жынысты некені заңдастыруға қарсы болып шыққан тұңғыш шоу-бизнес өкілі.

Чак Норрис VS мем

  Кейіпкеріміз интернетте де жұлдызға айнала білді. Оның көрермендері, нақтысында интернет юзерлер оның қатысуымен түрлі әзілдер мен күлкілі суреттер салып таратқан. Соның ішінде оның мемі бүкіл әлемге атақты бола түседі. Мұндай күлкілі мемдерге қатысты Чактың өзі былай дейді: - Интернетте пайда болған күлкілі суреттер мен мемдер, әрине қызық. Мен интернет әлемін түсіне бермесем де, оларға еш ренжудің ретін көріп тұрғаным жоқ. Бала – қашан да бала, сондықтан да ешкімге өкпем жоқ.

Көріп отырғанымыздай, Чак ешкімге өкпелемейді екен. Ендеше ол туралы әзілдерді біз де жинақтап шығуды жөн көрдік. Ендеше, кеттік...

 
 
 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: fresher.ru, liveinternet.ru

3784 11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 наурыз 2014, 16:00
Пікірлер
+0
04 наурыз 2014, 17:25

Нагыз ковбой. Ковбой туралы толык малиметтер жазасыздарма? Кантри, Тейлор свифт, Одинокий Рейнджер, Ковбой жылкылары,етиги жане т.б.

+0
04 наурыз 2014, 17:26

шынымды айтсам, мен түк тартқан емес Чак Норрис киноларында қарай алмаймын

+0
04 наурыз 2014, 18:23

тамаша материал екен. Чак Норристің тамаша актер екені рас

+0
04 наурыз 2014, 20:59

Чак Норристы енді танып отырмын :)

+0
04 наурыз 2014, 23:37

Чак Норрестің беделі киноға қарағанда спортта жоғары болған!!!

+0
05 наурыз 2014, 11:20

Брюс Ли қыршын кетті (

+0
05 наурыз 2014, 12:55

осылардың киносын көру үшін бәріне де дайын едік, кезінде)

+0
05 наурыз 2014, 13:07

көршінің үйіне барып та ма? )))

+0
08 наурыз 2014, 13:24

Неге VS деп жазылған тақырып пен тақырыпшаларға?)

+0
08 наурыз 2014, 16:25

Себебі "Чак Норрис VS ..." деген прикол қалыптасып кеткен. Чак Норрис не істесе де оны сипаттағанда VS деп жазады. Біз де сол әзілді пайдаландық.

+0
25 мамыр 2014, 00:29

Бірнеше кітап жазғанына тәнтімін, бірнеше салаларда үлгеру деген оңай емес. На то и Чак Норрис дейікші ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...