Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Есентаева Live" – Баянның жаңа жобасы

"Есентаева Live" – Баянның жаңа жобасы

Жақын күндері әрдайым ізденіс пен қызу еңбек үстінде жүретін қазақстандық шоу бизнестің беделді ханымы Баян Есентаеваның жаңа жобасы жарыққа шығады. Бұл туралы Season.kz порталы хабарлайды.

Өзіндік ерекшелігі бар жобаға "Есентаева Live" деген атау берілген. Продюсер алғаш рет авторлық жобасына өз атын тағып отыр.

Қандай ерекшелік дейсіз бе? Баян бұл жолы жаһанды жаулап келе жатқан ғаламторға да өз қолтаңбасын қалдыруды көздеген секілді. Яғни, авторлық бағдарлама тек интернет кеңістігінде жарық көреді. Енді сіздер Баян Есентаеваны Gonzo.kz ғаламтор-платформасынан таба аласыздар. "Есентаева Live" жобасының алға қойған мақсаты – елімізге танымал адамдардың беймәлім қырларын ашу, олармен сыр-сұхбат жасау.

 

Баян Есентаеваның алғашқы қонақтары да белгілі. Олар – әзіл актері Нұртас Адамбаев, продюсер Алуа Қонарова, жас актер Санжар Мәдиев. Тізімнің мұнымен шектелмейтіні белгілі.

Танымал журналист Төлеген Байтүкенов өзінің фейсбуктегі парақшасына: "Баян өзінің әңгімелесушілерінің жағасынан алып, ұйпа-тұйпасын шығарады. Оның мұны керемет жасайтындығына көзім жетті. Бір қарағанда үңгірде ұзақ уақыт бойы қамалып жатып, бостандыққа шыққан жыртқыш елестейді", - деп жазған екен.

Тәжірибесі мен таланты бар жүргізушінің жаңа жобасы көптің көңілінен шығып, үлкен табысқа жететіндігіне сеніміміз мол...

Бұл Баянның қолынан келеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 ақпан 2014, 16:04
Пікірлер
+0
06 ақпан 2014, 16:18

Гонзоның бас редакторы айтса айтқандай )) Баянның жанына жуықтауға көп адамның батылы бара бермейді )))

+0
06 ақпан 2014, 16:40

мен мысалы сөйлей алмай қалатын сияқтымын)

+0
06 ақпан 2014, 18:09

Баянның қоғам қабылдай алатын жобаларды жасайтын қулығына кейде риза боламын...

+0
06 ақпан 2014, 18:09

Баян Есентаеваның бұрын "Таң" арнасында бір осындай бағдарламасы болған. Сонда әңгімелесушінің біраз құпиясын айтқызып алатын)

+0
06 ақпан 2014, 21:31

Гонза жұлдыздарды тарта бастапты ғо

+0
06 ақпан 2014, 21:51

Танымал адамдардың өмірлері қызықтырмайды уже, қызықтырсада сыр-сұхбат сырласу деген бағдарламаны көре салуға болады ғоо сондықтан бір идеядағы шоуларды шығара берудің қажеті жоқ сияқты. Бұл тек менім ойым..

+0
07 ақпан 2014, 09:40

Орысқолдау адам негізі... бірақ еңбекқор!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.