Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Нұржамал Үсенбаева әлемдегі 21-ші адам болып "Golden Europe" иегері атанды

Нұржамал Үсенбаева әлемдегі 21-ші адам болып "Golden Europe" иегері атанды

Нұржамал Үсенбаева әлемдегі 21-ші адам болып

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұржамал Үсенбаева мәдениет саласындағы ерен еңбегі үшін Еуропалық өнер одағының «Golden Europe» сыйлығымен марапатталды.

Әлемде тек қана жиырма адам "Алтын Еуропа" мүсіншесінің иегері атанған екен. Енді олардың қатарына қазақстандық опера патшайымы қосылды.

Ол қараша айының төртінші жұлдызында Прагада өткен қайырымдылық гала-концертінде өнер көрсетті. Концерттен түскен қаржы қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалатын көрінеді.

Жұлдызды чех консерваториясының таңғажайып акустикасы қайран қалдырған. Ол бір сөзінде: "Кештің бағдарламасында Доницетти, Верди, Россинидің туындылары болды. Талғампаз еуропалық көрермендерге Русалканың ариясы ерекше ұнады. Бұл туындыға аса жауапкершілікпен қарадым. Аталған арияны чех тілінде орындағым келді. Еңбекті көп керек ететін жұмыс жемісін берді – Антонина Дворжактың шығармашылығын бағалаушылар мені сахнаға екі рет шақырды", – деген екен.

Қазақтың аяулы қызы Нұржамал Үсенбаеваны мәртебелі сыйлығымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілегіміз келеді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:newskaz.ru,news.allinfo.kz

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 қараша 2013, 14:59
Пікірлер
+0
09 қараша 2013, 12:47

ол маған жай ғана сұлу әйел болып көрінетін, мынадан кейін шығармашылығына қызыға бастадым, осы біздер өз әртістеріміздің қадіріне жете бермейміз... :oops:

+0
09 қараша 2013, 15:56

жалпы алғанда өмірі сұлу әйел ғой. Төлеген Мұхаммеджановтың жары екенін білгенде бір қуанып қалғам. Шығармашылығы да тоқтаусыз мақтау тудырады деп ойлаймын. Жаңа заманның әрбір әйел баласы осы бір кісіден тәлім алса екен...

+0
09 қараша 2013, 15:57

Мықты! Мықты жаңалық! Әлем бойынша 21-ші адам болса, ол деген мақтанарлық жайт қой!

+0
11 қараша 2013, 14:30

бас иемін өнеріне!

+0
17 қараша 2013, 17:15

Менің қызығатын, ең сүйікті әншілерімнің бірі. Құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.