Әсел Сағатова жарнама алаяқтарының кезекті құрбаны болды

Әсел Сағатова жарнама алаяқтарының кезекті құрбаны болды

Танымал казақстандық актрисаның суреттері кейбір сайттарда арықтауға арналған күмәнді құралдарды жарнамалап тұр. Суреттерде Әселге артық 14 келі қосып, оның дәл осы құрал арқасында зор салмақ тастағандығы жазылған.

Жас актриса бұл жарнамаға еш қатысы жоқ екендігін айтып, мәселеге наразылығын білдірді. Ол жарнаманы интернеттен өзі байқамапты, ал естіп, көрген сәтте ашуланғанын айтты. Суреттерін сұраусыз алып интернетте түрлі мақсаттарда қолдану актриса үшін бұған дейін де қиын мәселе болып келген екен. Алайда жаңа жарнама қарапайым халыққа зиян тигізе алатындығы Әселді одан бетер ренжіткен көрінеді. 

Әсел жарнама берушілер суреттерді өз бетімен өшірмесе, құзырлы органдарға хабарласатындығын айтты. Арықтау үшін Әсел еш уақытта "сиқырлы" құралдар мен дәрілерді ішпеген, ал фигурасын сақтау үшін тек физикалық жаттығулар жасайды екен.

Жарнаманың айтуынша Әсел 62-ден 48 келіге арықтапты-мыс

Жарнама алаяқтары актрисаның суреттерін өзгертуден де ұялмапты

Естеріңізге сала кетсек, жарнама алаяқтарының Қазақстандағы алғаш құрбандарының арасында танымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаева болған. Оның заңгері Нұршат Турдиев коммерсанттарға күздің басында шағым жазған. Іс әлі шешілмей, нақты нәтижелерге қол жеткізілген жоқ. 

Танымал жүргізуші Баян Есентаева да жалған жарнаманың жұлдызы болған. Сәтті отбасылық өмірді үйрететін дискілердің және Әсел сияқты арықтату құралдарының жарнамасында сұраусыз Баянның суреттері алынған.

Алаяқтар танымал әншілер мен актрисалармен қатар саясаткерлерді де жарнама "жұлдыздарына" айналдырып жатыр. Осы түрдегі соңғы жарнамалардың бірінде аты шулы қазақстандық саясаткер Бақыт Сыздықова бар. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: total.kz, allmoney.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Тасбақалар қалайша өзен санитары болып жүр?
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Әлем халықтарының ұлттық музыкасы жиналған сайт
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Тест: Ағылшынша сленгті қаншалықты жақсы білесіз?
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Артем Резников азулы ресейлік файтерді жеңді
Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер