Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тұрсынбек Сочида жеңіске жетті

Тұрсынбек Сочида жеңіске жетті

Тұрсынбек Сочида жеңіске жетті

Қазақстан КВН ойындарының қатысушысы, әрі «Базар жоқ» театрының директоры, шоумен Тұрсынбек Қабатов Сочидағы жазғы кубоктың иегері атанды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Тұрсынбек байқауда Смоленск қаласының "Триод и Диод" командасының сапында өнер көрсеткен.

Ойынның шарты бойынша, Сочи қаласында өткен юморлық сайыста жыл сайын екі кезең бойынша чемпиондар бақ сынасады. Бұл жолы ойын Смоленкс қаласының "Триод и Диод" және Самара қаласының "СОК" командаларына бұйырды. Шарт бойынша, команданың өздерімен бірге ойнауға ең атақты үш КВН-шіні шақыруға мүмкіндігі бар. "Триод и Диод" командасының көзі қазақстандық актер «Казахи» КВН командасының капитаны Тұрсынбек Қабатовқа түскен. Тұрсынбекпен қатар ойынға "Пирамида" командасынан Заурбек Байцаев және Днепропетровск құрамасынан Игорь Ласточкин шақырылды. Ал "СОК" командасының құрамында "Камызяки" командасының ойыншысы Азамат Мұсағалиев, "25" командасынан Юлия Ахмедова мен "Уездный город" командасынан Сергей Писаренко өнер көрсетті.

Әртістің концерттік директоры Нағи Бақытбековтың сөзінше, ойынға қатысу үшін "Триод и Диод" командасымен бір аптаға жуық дайындық жүргізген. Ойын кезіндегі кейбір әзілдер өз образына сәйкестендіріліп Тұрсынбекке арнайы жазылды. Қатысушылар жазғы ойындарда төрт кезең бойынша бақ сынасты – сәлемдесу, ширату, залдан сұрақ қою және музыкамен көркемделген үй тапсырмасы.

Сочида өткен жазғы КВН ойындарына тележүргізуші және актриса Екатерина Стриженова, режисер Александр Стриженов, тележүргізуші Валдис Пельш, Олимпиада ойындарының чемпионы Алексей Ягудин мен КВН ойындарының тұрақты әділқазысы, режисер Юлий Гусман төрелік етті.

«Алғашқы байқауда, Тұрсынбек сахнаға шыққанда, зал көпке дейін қол шапалақтады. Бұл оның 2010 жылғы Жоғарғы Лигадағы ойынынан кейін сахнаға алғаш шығуы. 2010 жылғы ойында Тұрсынбек «ененің» рөлін сомдаған», - дейді Нағи Бақытбеков.

Тұрсынбек Қабатов – жазғы КВН ойындарына қатысуға мүмкіндік алған және онда жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық  КВН-ші.

Ал қазақстандық телекөрермендер аталған ойындарды қыркүйек айының ортасында тамашалайтын болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: carmen.kz, tengrinews.kz

3818 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 тамыз 2013, 16:57
Пікірлер
+0
28 тамыз 2013, 17:02

көзін жыпылықтатқаннан күле береді біреулер Тұрсынбекке)) құтты болсын!

+0
28 тамыз 2013, 17:10

құттықтаймыз !!!

+0
28 тамыз 2013, 17:39

құтты болсын!!!!!

+0
28 тамыз 2013, 18:29

Жарайсыз!!!

+0
29 тамыз 2013, 10:24

Құттықмаймын!!! Жарайсың!

+0
29 тамыз 2013, 10:34

Мен де құттықтап қояын! :)

+0
29 тамыз 2013, 15:36

Тұрсынбек ағамның әзілдеріне риза боламын! Астарында мән жатыр.

+0
31 тамыз 2013, 20:09

аха, шынайы өмірден алады ғой тағы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...