"AstanaPianoPassion"-ның ашылу салтанатын Святослав Бэлза жүргізеді

"AstanaPianoPassion"-ның ашылу салтанатын Святослав Бэлза жүргізеді

Танымал музыка зертеушісі, сыншы және публицист Святослав Бэлза «AstanaPianoPassion»  фестивалінің ашылу салтанатын жүргізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Астанада 10-16 мамыр аралығында өтетін “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі елорданың ең сәулетті залдарына әлемдік музыканың ең дарынды тұлғаларының басын қосады. Үздік пианистерді таныстыру «Мәдениет» телеарнасының музыкалық шолушысы, Ресейдің Халық әртісі және Ресей көркем Академиясының Құрметті мүшесі – Святославу Бэлзеге сеніп тапсырылды", - делінген таратылған ақпаратта.

Святослав Игоревич 9 жыл бойы «Останкиноның» музыкалық және ойын-сауық студиясында көркемдік жетекші бола жүріп, «ОРТ»да «Эфирде музыка» бағдарламасын үздіксіз жүргізді. Қазіргі уақытта Святослав Бэлза әдебиет және музыкамен байланысты оқу-ағарту жұмыстарымен айналысады. Ол Ресей өнер Академиясының және Ресей Телевидениесі академиясының Президенті, Ресей Жазушылар одағы мен Журналистер одағының және Театр одағының мүшесі. Святослав Игоревичтің қаламынан  300-ден астам ағылшын, итальян, польша чеш, венгер тілдеріне аударылған әдеби-танымдық туындылар мен жарияланымдар жарық көрді. 

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Астана қаласында 10-16 мамыр аралығында өтетін "Astana Piano Passion" І Халықаралық классикалық музыка фестивалі аясында "Astana Piano Passion" Халықаралық жас пианистер байқауы өтетіндігін хабарланған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

Massaget