"Муз-ТВ" бас директоры қазақ жерінен жұлдыз іздеуде

Ресейлік «Муз-ТВ» музыкалық телеарнасы қазақстандық сапалы клиптерді ротацияға алуға дайын екенін телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров мәлімдеді.

Бұдан бұрын Арман Дәулетияров «Муз-ТВ» арнасының директоры лауазымында қызмет атқарған болатын.  Дәл осы лауазымда ол «Муз-ТВ» премиясы Қазақстанда» атты музыкалық бағдарламаны өткізе бастады.  Сонымен қатар, ол өзінің «История московского Чингисхана» атты кітабының тұсауын осы жерде кескен еді. 2013 жылдың 1 ақпанын бастап, Арман Дәулетияров бас директор қызметіне тағайындалды. Жаңа басшының айтуынша, арна өзінің концепциясын толықтай дерлік өзгерткен.

«Енді эфирде ток-шоу немесе реалити-шоу жоқ, тек музыка. Арнаның жүргізушілері – ресейдің атақты жұлдыздары: Яна Рудковская, Нюша, Митя Фомин және тағы басқалар», - дейді Арман.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Муз-ТВ» арнасының дәстүрлі премиясы өз форматын өзгертпек. Режисердің есімі 19 ақпанда өтетін баспасөз-конференциясында жарияланады. Сол кезде премия жүргізушілері де белгілі болмақ. Премияның бұрынғылардан басты ерекшелігі әртістердің жанды дауыспен өнер көрсетуі болмақ.

Қазақстандық әртістерге келер болсақ, бас директордың мәлімдеуінше, бұл сегментте тек аты аңызға айналған «А-студио» тобы ғана бар.

«Бізге қазақстандық орындаушылардың клиптері жиі түсіп тұрады, бірақ, өкінішке орай, олардың біреуі де «Муз-ТВ-ның» ротациясына түсе алмады. Мен әрқашан қазақстандық әншілерге Қазақстанға ерекше ықыласпен қарайтынымды айтамын. Дегенмен, әзірге арнаның талаптарына сай келетін клип түскен жоқ. Бізге тек сурет қана емес, сонымен қатар, оның мазмұны мен әдемі ән болғаны маңызды. Мен "Дуэт L" әндерін тыңдадым, егер де олар жақсы да сапалы видео түсіргенде, біз оны қабылдар едік», - дейді Арман Дәулетияров.

Дәулетияровтың айтуынша, қазақстандық орындаушылардың әндері ресейлік радиостанцияларының ТОП-20 әніне өте-мөте сирек енеді. Сондықтан Қазақстанның жаңа есімдерді шығаруы қажет.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rus.azattyq.org