Қазақстандық ерекше 5 бейнебаян

Қазақстандық ерекше 5 бейнебаян
Фото: QORAPSHA бейнебаянынан

Жылдан жылға бейнебаянның сапасына деген сұраныс артып келеді. Әншінің әні мен сөзі, бейнебаян да тыңдарман мен көрерменге ой сала білуі керек деген түсінік қалыптаса бастады. Осыны ескере келе, қазақстандық ерекше 5 бейнебаянды назарға ұсынамыз.

Yenlik, rauana, Hey Monro - Dosyma Hat
Режиссері: Yana Skopina 

Бір жыл ішінде өз оқырмандарын тауып, "қазақ рэпінің ханшайымы" атанып үлгерген Yenlik-тің әр әніне түсірілген бейнабаянды ерекше деп атауға болады. Ал бұл жолғы трио тіпті керемет. Музыканттар әнде достық деген сезімнің маңызын, бұл адами қарым-қатынастардың негізі екенін сөз етеді.

ALPHA - QŪMYRSQA 
Режиссері: Yernur Bashpay 

Alpha сахнада өздерінің әнімен және стиілімен ерекшеленетін топтардың бірі. Бұл әнге түсірілген бейнебаяндағы кейіпкер арасынан әркім өзін таба алады. Ал әннің негізгі мағынасы өмірде ерінбеу және өз орнын табу. Еңбекті құмырсқамен байланыстыра суреттейді.

Мирас Жугунусов - Uaqyt
Режиссері: Baurzhan Sadu

Әндері хитке айналатын Мирастың бұл жолғы бейнебаяны да таңқалдырмай қоймайды. Уақыт кеңістігі арқылы саяхаттап жүретін музыкант оның маңызын бірінші орынға қояды. 

2RAR - Men eshkimdi suimeimin
Режиссері: Самат Сыржанов

2RAR-дың бұл әні әлеуметтік желіні біраз шулатты. Бейнебаянда бүгінгі қоғам мәселесі ажырасу көрсетіледі. Ата-ана ажырасқан сәтте баланың қалай екі ортада қалатыны, бір-бірін сүйіп қосылып, кейін жек көріп, бет көріспей кететіні баяндалады.

Q1SHBEK feat. JANN - QORAPSHA
Режиссері: Almagul Kazikhan-Sagyndyk

Бейнбаян көрермендеріне шектеу қойылған, өйткені қанды сахналар кездеседі. Жас музыкант әні арқылы кем өмірдің өзін шаблонға салып тастайтынымызды айтады. Оны қорапшамен байланыстырады. 

Т. Есқали