"Жабайылар". Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды

"Жабайылар". Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болды
Фото: kair_n Instagram-парақшасынан

Танымал әнші Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ол ән айтып тұрғанда, көрермендер сахнада жүгіріп жүргені көрінеді.

"Қайрат Нұртас ән айтып жатқан кезде жанкүйерлер қоршауды бұзып, сахнаға шықты", - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)

Желі қолданушыларының айтуынша, концерт Павлодарда өткен. Сонымен қатар, пікір білдірушілердің қатарында бұл әрекет ерсі екенін айтқандар бар:

Жабайылар! Осындай адамдар үшін ұяламын.

Түсінбеймін, жұлдыздарға жақындаса, не болады?

Құдай-ау, сонша не болды?

Жабайы халық, Павлодарлықтардың масқарасын шығармаңдар!

Жабайылар, тірі адам көрмегендей.

Өзім сонда болдым, ұят.

Павлодар үшін ұялып отырмын.

Пікір білдіргендер арасында бұл қалыпты жағдай екенін де айтқандар табылған:

Бәрі түп-түзу, жанкүйерлері жақындап, сөйлескісі келген болар. Онда тұрған не бар?! 

Қолтаңба алар еді, онда тұрған не бар? Президент секілді қорғап жатыр.

Кейбір Желі қолданушылары бұл жағдай қойылым екенін айтқан:

Ол әншілердің қойылымы.

Видеода жасөспірімдер әзіл үшін істеген секілді, ақыл-есі сау адамға мұндай ой келмейді. 

Е. Төлеш