Тұяқтас - қазақтың музыкалық  аспабы

Тұяқтас - қазақтың музыкалық аспабы

Тұяқтас – қазақтың музыкалық аспабы. Бұл аспап өзгелерден қарапайым тұрпатымен ерекшеленеді.

Аспаптың өзіне ғана тән ерекше үні бар. Тұяқтас шығармалардың орындалу барысында аспап мал тұяғынан шыққан дыбысты нақты жеткізеді.

Ертеде қазақ халқы мал тұяғын аяқ асты тастамай, оны қажетке жаратқан. Жаңа сойылған жылқы тұяғын суға салып, қайнатады. Содан кейін тұяқ ішін тазартып, күн сәулесіне кептіреді. Кепкен тұяқтың сыртқы жағын терімен қаптап, жоғалтып алмас үшін қайыс бау тағылады. Кейде аспаптың сыртқы келбетін зергерлер металлдан  жасалған ою-өрнектермен безендіреді. Аспап дыбысы анық әрі нақты шығу мақсатында оның табанының астыңғы жағына ойықтар жасалады.


Баяғы заманда тұяқтастың сүйемелдеуімен ауылдың алты ауызы айтылатын. Өзге елге ұзатылып бара жатқан қыз бала тұяқтас аспабының сүйемелдеуімен сыңсу айтады екен. Аспап әннің ырғағын келтіріп, әуенді әсемдеп жібереді. Бұл күндері тұяқтас ұлт аспаптар оркестрлерінде кеңінен қолданылады. 

Суреттер caspionet.kz ғаламтор бетінен алынған

Форумда талқылау