Рианна халық қаһарманы атағын алды

Рианна халық қаһарманы атағын алды
Фото: GETTY IMAGES

Барбадос республикаға айналды, ал сол елді бар әлемге танытқан әнші бірінші президент қолынан марапат алды.

2021 жылдың 30 қарашасы тұтас ел үшін де, нақты бір адам үшін де өте маңызды әрі тарихта қалатын күн болды. Себебі бұл күні Барбадос ресми түрде Елизавета II ханшайымына бағынуды тоқтатып, республикаға айналды.

«Қоштасу рәсіміне»  көптеген маңызды қонақтар қатысты. Бұл салтанатты рәсімде мемлекеттің Британ ұлттар ынтымақтастығынан шығуын қабылдаған Чарльз ханзада мен аралда туып-өскен әнші Рианна да болды.

                                           

Назардың бәрі атақты әншіге ауды, себебі жаңа басшылықтың алғашқы жарлықтарының бірі — Рианнаға «Халық қаһарманы» атағын беру болды. Атақты жұлдыз өз мансап жолында көптеген мадақтамалар мен премиялар алғанын, алайда, олардың ешқайсысы өзі туып-өскен жердің қаһарманы атану құрметіне жетпейтінін айтты.

А. Жапатова