Атақты әндерге жазылған ерекше кавер-нұсқалар

Атақты әндерге жазылған ерекше кавер-нұсқалар
Фото: envato.com

Күн сайын интернетте жаңа ән мен жаңа бейнебаян шығады. Ал әннің кавер нұсқалары одан да көп: вокал, аспаптық, электронды, түрлі тілде. Бүгін назарыңызға ең қызықты кавер видеоларды ұсынамыз.

Есептегіш құрылғыдағы "Get Lucky" және "Harder, Better, Faster, Stronger", Daft Punk 

Электрон музыканы жаны сүйетіндер үшін 2021 жылдың ең нашар жаңалығы – Daft Punk тобының тарауы. Кореялық блогер Chaco топпен ерекше қоштасты: ол YouTube желісіне есептегіш арқылы орындалған Daft Punk тобының екі әніне кавер шығарды. Осыған дейін түрлі әнге кавер жасағанына қарамастан, Daft Punk әні назарға ілікті. Бұндай кавер жасауға қарапайым есептегіш құрылғы сәйкес келмейді. Блогер есептегіш құрылғының AR-7778 нұсқасын қолданған. Оның батырмалары түрлі дыбыс шығарады.  

Ескі орган аспабында орындалған "Bohemian Rhapsody", Queen

"Богемалық рапсодия" фильмінен кейін бұл әнді естімеген жан баласы қалмаған шығар. Бірақ төрт жыл бұрын Алексей Ром YouTube арнасында "Bohemian Rhapsody" әнінің ескі орган аспабында орындалған нұсқасын жариялаған еді.  Бірақ 2018 жылы фильм жарыққа шыққаннан кейін бұл видеоны көп адам көрді.

Каягым аспабында орындалған "Thuderstruck", AC/DC 

Кореядан шыққан америкалық Луна Ли каягым аспабында AC/DC тобының әнін орындайды. Кореяның ұлттық аспабында ән ерекше толқынға ие болғандай. 

Мыңдаған фанаттың орындауындағы "Learn To Fly", Foo Fighters 

Италиялық Чезен қаласының тұрғындары Foo Fighters тобының концертін асыға күтеді. Олар істі қолына алып, сүйікті тобының әніне кавер жасау арқылы, олардың назарын аударуға шешім қабылдайды. Жазылым жұмысына шамамен бір жыл кеткен. Кавер туралы бірнеше мемлекеттің БАҚ өкілдері жазады, 2015 жылы Дэйв Грол мен оның тобы Чезенге концерт қою үшін келеді. 

13 түрлі стильде орындалған "Blinding Lights", The Weeknd 

Америкалық блогер Энтони Винсент атақты әндерді түрлі орындаушылардың стилінде орындауы арқылы танымал болды. Өзгенің дауысын айнытпай орындағаны соншалықты оның арнасына 3,5 миллион адам жазылған.

Т. Есқали