Джастин Бибер "Justice" әнін жарыққа шығарады

Джастин Бибер "Justice" әнін жарыққа шығарады
Фото: soyuz.ru

Джастин Бибер "Justice" атты алтыншы әнжинағының 19 наурызда жарыққа шығатынын хабарлады. Әнжинаққа осыдан бірнеше ай бұрын жарыққа шыққан  "Holy" (Chance the Rapper-мен бірге жазған), "Lonely" (Бенни Бланкомен дуэті) және "Anyone" атты әндері кіреді.  Естеріңізде болса, оның соңғы альбомы осыдан бір жыл бұрын ғана жарық көрген еді. 

Әнші өз жұмысы туралы: "Мына әлемде неше түрлі жауыздық пен жамандық болып жатқанда, адамның жанына ем мен әділдік керек. Бұл альбоммен жұмыс кезінде адамдарға жайлылық сыйлайтын, бәріне түсінікті және байланыс табатын әндерді жазғым келді. Қиындықтар, әділетсіздік пен мұң адамның өзін әлсіз сезінуіне себеп болады. Музыка біздің жалғыз емес екенімізді ұқтыратын құрал" — деген болатын.   

2020 жылы Бибер тек "Changes" альбомын ғана емес, Ариане Грандемен бірге "Stuck With U" атты әнін жазды, DJ Khaled пен Дрейктің «Popstar» әнінің бейнебаянына түсті. Қараша айында Бибер "Грэммидің" төрт номинациясына ие болды: "Үздік соло орындаушы" ("Yummy"), "Үздік топтық поп орындаушы" ("Intentions", Quavo дуэті), "Үздік альбом" ("Changes") және "Үздік кантри топтық орындаушы" ("10,000 Hours").

Т. Есқали