Анасының жатырындағы сәби дыбысынан жазылған музыкалық альбом шығады

Анасының жатырындағы сәби дыбысынан жазылған музыкалық альбом шығады

Америкалық Sacred Bones лейблі “Sounds of the Unborn” аталатын айрықша музыкалық альбом шығармақ. Оның ерекше болатын себебі, таспа анасының жатырындағы эмбрион шығаратын дыбыстар негізінде жазылған.

Лука Юпанка есімді сәби Psychic Ills  тобының бас гитарисі Элизабет Харт пен белгілі продюсер Иван Диас Матенің қызы. Альбом “MIDI биодыбысты технологиясы” арқылы жасалған.

Әлі жарық дүние есігін ашпаған нәрестенің дыбысы синтезатор арқылы өңдеген. Десе де Харт пен Диас Мате “Луканың айтқаны еш өзгеріске ұшырамасын” деген мақсатпен артық дыбыс қоспауға тырысқан.

“Sounds of the Unborn” альбомының релизі 2 сәуірге жоспарланған.

Т. Раушанұлы