Тони Брекстон не үшін концерт бермейтін болды?

Тони Брекстон не үшін концерт бермейтін болды?

Тони Брекстон келеді деп, жар сала ақпарат жазған едік мына жерде. Алматы қаласында 15 желтоқсанға жеке концертін жоспарлаған ол не үшін келмейтінін анықтадық.

Ең алғашқы боп бұл жағымсыз жаңалықты концерттің жарнама менеджері Айгерім Мекішова хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Unbreak my heart деп әлемге танылған әнші Республика сарайында өнер көрсете алмайтын болыпты. Ал сатылып кеткен билеттердің ақшасы қайтарылатын болды.

Концерт уақыты басқа мерзімге ауысатыны жайлы да ақпарат әзірге белгісіз. Әншінің талап-сұраныстарынан тұратын райдер де толық ақталған болатын, десек те Тони Брекстон неліктен концерттен бас тартты?

Сөйтсек, ол көптеген гастрольдік сапарларға кеткен күш-қуаты таусылып, өзін әлсіз сезінгендігі себепті келе алмайтын болған екен.

Ал Алматы мәдениет басқармасында Брекстонның ауруханаға жатқызылғаны жайлы хабар айтылды. Ұйымдастырушылар өз кезегінде Брекстон Қазақстан халқына видео-үндеу жазып, таяу арада оны журналистер көре алатындығын хабарлады. Мұнымен қатар, әншінің Баку мен Мәскеудегі концерттері де кейінге қалдырылған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rap-up.com

А. Құлтай