Автордың өмірден өткеніне 40 жыл толғанда жаңа бейнебаяны шықты

Автордың өмірден өткеніне 40 жыл толғанда жаңа бейнебаяны шықты
Фото: vk.com

Халықаралық Регги күні мен аталған музыкалық бағыттың негізін қалаушы Боб Марлидің туғанына 75 жыл толуына орай "No Woman, No Cry" әніне түсірілген бейнебаян жарық көрді.

Әннің сөздері өз отбасын Ямайкаға тастап, балаларының жарқын болашағы үшін АҚШ-қа кетуге мәжбүр болған ер адам туралы сыр шертеді. Америкалықтардың күнделікті өмірін көрсететін кадрлар Ямайкадағы бір отбасының тынысын бейнелеген шынайы көріністермен алмастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет 1974 жылы жарияланған "No Woman, No Cry" әні Rolling Stone басылымының "Әлемнің 500 ұлы әні" рейтингісінде 37 орынға жайғасқан.

Бейнебаян Боб Марли қайтыс болғаннан кейін шамамен 40 жыл өткен соң жарияланып отыр.

Т. Раушанұлы