#КвартирникTengri. Бүгін Алиса Вокспен Insta-Live

#КвартирникTengri. Бүгін Алиса Вокспен Insta-Live
Фото: Tengrinews.kz

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен біріге отырып, #КвартирникTengri онлайн-концерттер топтамасын жалғастырады. Бүгін, яғни 8 сәуір, сағат 20:00-де ресей әншісі және "Ленинград" тобының бұрынғы солисі Алиса Вокспен  Insta-Live өтеді.

Алиса қазіргі уақытты Санкт-Петербургтегі үйінде пайдалы өткізуді шешті. Ол "үй жұмыстарымен" шұғылданып жатыр: жаңа әндер жазу, видеоларды монтаждау, музыкалық нобайларын реттеу, блог түсіру.

"Карантинде өзін-өзі дамытумен, аспаздықпен, спортпен айналысуға болады және жақындарыңызға көңіл бөлуге мүмкіндік бар. Шкафтарды реттеп, терезелерді жууға болады. Әдетте, уақыт пен күш жетпейтін миллиондаған істерді жасауға болады. Ең болмағанда, өз-өзіңізбен қалып, ойлануға уақыт бар", - деп өз ойымен бөлісті Алиса.

Алиса Вокс тікелей эфирде өзінің авторлық композицияларын минуспен орындайды және атақты әнші Etta James әндеріне бірнеше кавер айтады. Сондай-ақ кең аудиторияға алғаш рет "Үлкен махаббат" ("Большая любовь") деп аталатын жаңа ән орындалады.

Алиса Вокс – тәуелсіз орындаушы, кәсіби әнші және музыкант. Ол өз шығармашылығында заманауи музыканың ең озық жанрларын үйлестіреді: synth-pop, electro-pop, dance-rock. Алиса Вокс пен VoxFabrica шығармашылық тобының негізгі міндеттерінің бірі – осы бағыттарды Ресей музыкалық сахнасында дамыту.

Алиса Вокс 3,5 жыл бойы "Ленинград" тобының солисі болды. Бұл топта Алисаның соңғы орындаған әні – "Экспонат" ("На лабутенах...").

Соңғы екі жылда ол өзінің жеке мансабын дамытып жатыр. Осы уақыт аралығында әнші екі LP ("Сама" және "Новая Алиса Вокс") және екі EP ("Звезды", "VOX"), #ktosama.АРХИВ жинағын және көптеген синглдер шығарып үлгерді.

2018 жылдың басында "Жаңа Алиса Вокс" деп аталатын жаңа альбомы жарыққа шықты. Бұл альбомдағы алғашқы сингл – "Қаламаймын" ("Не Хочу"). Ол бірнеше күннің ішінде миллион көрілім жинады. "ПОП" – ол Ленинград тобынан кеткеннен кейінгі жазған үшінші альбомы.

Алиса Вокс бүгін кешке сағат 20:00-де Tengrinews.kz Instagram тікелей эфирінде ең үздік әндерін орындайды және оқырмандармен сөйлеседі. #КвартирникTengri-ді жіберіп алмаңыздар!

А. Жапатова