Әдебиет саласы бойынша Нобель иегері Боб Дилан жаңа ән жазды

Әдебиет саласы бойынша Нобель иегері, музыкант Боб Дилан соңғы сегіз жылда алғаш рет авторлық ән ұсынды.

Жаңа композиция Murder Most Foul деп аталады және АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне арналған. 17 минуттық шығармада 1963 жылы Даллас қаласында орын алған қастандық оқиғасы баяндалады.

Тректе мәдениет өкілдері мен 1960-70-ші жылдардағы елеулі оқиғалар аталады. Нақтырақ айтсақ, "Битлз" пен оның I Want To Hold Your Hand әні, Билли Джоэлдің Only the Good Die Young әні аталады.

Естеріңізге сала кетейік, Боб Диланның соңғы Tempest аталатын альбомы 2012 жылы жарық көрді.