Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы

Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы

Керней – қазақ халқының көне үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспап түркі тілдес халықтар арасында кең таралған. Ертеде керней аспабын әскери мақсатта пайдаланған. Жаугершілік заманда атой шақырып, дабыл қағып, хабар таратқан кезде қолданған. Сондай-ақ, хандар мен әскербасыларын күтіп алу шараларында, бәйге, шеру салтанаттарында керней аспабында ойнаған.

Керней аспабында қозғалып, жан-жаққа бұрылып ойнайды. Аспап көлемі әртүрлі, дыбыс қуаты өзгеше болады. Керней аспабын жасау әдісі сыбызғы аспабына ұқсас болып келеді. Аспаптың сыртқы жағын түйе өңешімен қаптайды. Бұл ағаш түтіктің жарылып кетпеуіне жол береді. Жұмыр ағашты ортасынан бөліп, өзегін ойып, ішін тегістейді. Тегістелген ағаштар бір-біріне желім арқылы жабыстырылады. Дайын аспаптың сыртқы жағын жылқы қылынан жасалған шашақтармен безендіреді. Соңғы жылдары шеберлер аспапты жез металдан жасап жүр.

Керней аспабы Орта Азия халықтарының арасында әскери музыкалық аспап ретінде танымал.

Белгілі аспаптанушы, сазгер Болат Сарыбаев керней аспабының көне музыкалық аспап және оның ел ішінде кеңінен пайдаланылғанын ғылыми түрде дәлелдеген. Ал белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев кернейді «Қыз Жібек» фильмінде қолданған.

Форумда талқылау

Сурет caspionet.kz ғаламтор бетінен алынған